2 «А» сынып білім алушыларымен «Мейірімділік –асыл қасиет» тақырыбында дөңгелек үстел
«Ақылды балаға- ақылшы ата-ана» атты онкүндікте 2 «А» сынып білім алушыларымен «Мейірімділік –асыл қасиет» тақырыбында дөңгелек үстел басында ата-аналармен біріккен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты қазіргі таңдағы адам баласының бойындағы ең керекті қасиет –ол мейірімділік екенің жан-жақты түсіндіре отырып, өмірге деген сүйіспеншілігін артттыру. Кездесуге алты жұп қатысты. Олар: Имангалиева Асем- Достан Нурдаулет, Дауелова Дамира –Нурлан Ақжан, Жумагулова Шолпан –Ерболатұлы Бағлан, Ақжол Досхан - Әлімхан Айхан, Көпбаева Фарида – Қыдырбек Ұлдана, Байтикова Дана – Амангелді Арман. Әр жұп өздеріне үйге берілген тапсырмаларды толық орындап ортаға салып өз ойларын айтты. Тақырып бейне жазба, әңгімені талқылау, жұптық жұмыстарды орындау арқылы ашылды. Кездесудің соңында әр жұп бос уақытында немен шұғылданатынын ортаға шығып таныстырды. Мысалы: өлең айтты, би биледі, ағылшын тілінде көңілді өлең орындады, қол өнер көрсетіп және әдемі гүл шоқтарын ішіне тәтті кәмпиттер салып көрсетті.
Кездесу әдемі сөздермен, мадақтаумен және алғыс хаттармен әр отбасы марапатталды.