20
сәуір
2018
Жаңартылған білім беру мазмұны - болашақтағы сапалы білім кепілі
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінде
«Жаңартылған білім беру мазмұны – болашақтағы сапалы білім кепілі» тақырыбында өткізілген онкүндік.
Онкүндікте жоспарланған іс-шаралар өз дәрежесінде уақтылы өткізілді. Онкүндік барысында бір күн мектеп ұстаздарына арналды. «Жаңартылған білімге - жаңа көзқарас» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда мектеп директоры Н.Койшиманова жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану екендігін атап көрсетті.
Мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі-жөніндегі орынбасары С.Сеитова жаңартылған білім беру бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшеліктеріне тоқталды:
1.Пән мазмұнының спиральді қағидатпен берілуі. Яғни, пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі;
2.Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
3.Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ» тақырыптардың берілуі;
4.Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
5.Оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;
6.Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы)
7.Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
Жаңадан енгізілген пәндер қатарында ағылшын,орыс тілі, жаратылыстану сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнінде (химия, физика, биология пәндері) дүниетану пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады. 5,7 сыныптардың кітаптары да зерттеуге бағытталған, практикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінген. Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды.
Бастауыш сынып мұғалімі М.Бегасилова «Жиынтық бағалауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» тақырыбында таныстырылымын көрсетті.
Жиынтық бағалау - оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
“Өзін-өзі тану”, “Музыка”, “Дене шынықтыру”, “Көркем еңбек” пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша «есептелінді/ «есептелінген жоқ» бағасы қойылады. Дене шынықтыру пәнінен әр тоқсанның және оқу жылының соңында, ал қалған үш пәннен жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «есептелінді»/ «есептелінген жоқ» бағасы журналға қойылады. Жарты жылдық соңында және оқу жылының соңында “сынақ” қойылады. Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады.
Бір күнде екіден артық жиынтық бағалау жүргізілмейді. Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады.
Бастауыш сынып мұғалімі Г.Сәдірмекова «Бастауыш сынып сатысында қалыптастырушы бағалау үдерісі, жоспарлау және ұйымдастыру» атты таныстырылым жасап, оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі екені атап көрсетілді.
Информатика пәні мұғалімі Э.Жақсыбаева «Жүйелі әдістемелік кешен» және «Bilimland, I mektep онлайн білім беру платформаларының пайдасы?» туралы айта отырып, білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін маңыздысы оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу керек екенін және мұғалімдер соны сабақтарында қолдана білу керек екенін атап айтты. Мұғалімдер әр бөлімнен кейінгі және әр тоқсандағы тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары туралы өз ойларымен бөлісті.
Онкүндікте сабақ берген мұғалімдер әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүргізіп, білім алушылардың қызығушылығын арттыратын әдістер пайдаланды. Тренерлік курсты оқыған орыс тілі мұғалімі «Жаңартылған білімнің ерекшелігі мен тиімділігі» тақырыбында коучинг берсе, II деңгейлі курсты оқыған мұғалімдер Э.Жақсыбаева мен Ш.Ермаханбетова «Сабақта бағалау критерийлері мен дескрипторлардың маңызы қандай?» тақырыбында коучинг беріп, мұғалімдердің жаңартылған білім мазмұнын беру жолында қиындықсыз білім беруіне септігін тигізді.
Онкүндік соңында марапаттау жүргізілді. Сарапшылар тобы онкүндік басында тағайындалған. Сарапшылардың қорытындысы бойынша «Ең үздік сабақ» номинациясын бастауыш сынып мұғалімі М.Бекасылова иемденді, ал «Ең үздік әдіс» номинациясымен орыс тілі пәні мұғалімі Г.Самбетова марапатталды.
Мектеп директорының ғылыми әдістемелік орынбасары: С.Сеитова