№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің «Жаңартылған бағдарлама – сапалы білім берудің негізі» тақырыбы бойынша өткен онкүндіктің ашылуы туралы
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің «Жаңартылған бағдарлама – сапалы білім берудің негізі» тақырыбы бойынша өткен онкүндіктің ашылуы туралы
Хабарлама
Наурыз айының 12-сі күні «Жаңартылған бағдарлама – сапалы білім берудің негізі» атты тақырыбы аясында онкүндіктің ашылуы өтті. Онда қатысушылар «Ана тілі», «Қазақ тілі», «Математика», «Дүниетану» пәндері бойынша 4 топқа бөлінді. Әр топ берілген тапсырмаларды орындай отырып, әр пәнге арнап өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.
Эргашев Исламның орындауындағы «Жаса, Қазақстан!» әнін тамаша орындап шықты.
2, 3 сынып оқушыларының «Гүлдер», «Қамажай» билері нақышына келтіріп орындады.
Қорыта келе оқушылар әр пәннің оқытудағы маңыздылығын өмірмен байланыстыруда «Алты қалпақ» әдісі арқылы сөз жарыстырды. Қалыптастырушы бағалауға «Екі жұлдыз, бір тілек», «Даналық кілті» әдістері қолданылды. Топтық жұмыстың нәтижесінде «Қазақ тілі» тобы жеңіске жетіп, «Ғажайып бақпен» марапатталды.