«Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері» » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » «Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері»
24
сәуір
2017

«Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері»

<!-- [if !mso]> v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);}

«Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері»

«Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру қажет»

Н.Ә. Назарбаев

   «Министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптан бастап енгізілді. Осы ретте ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн 30 қанатқақты мектепте сынақтан табысты өткенін мәлім етті.

  Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.

   «Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізіледі: 2016  жылы - 1-сынып,  2017 жылы - 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы - 3,6,8,10-сыныптар,  2019  жылы - 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады».

          

 

       Бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.

1.     Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану

2.       Сын тұрғысынан ойлау

3.     Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

4.      Коммуникативті  қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану

5.     Топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай білу

 

1. Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?

Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:

1.     Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.

2.    Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;

3.    Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың»  берілуі

4.    Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;

5.    Оқытудың  тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру

6.    Білім  беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;

7.    Бөлімдердің  мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;

8.    Оқытудағы  жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)

2. Жаңартылған білім беруде білім беру салалары және қандай пәндер оқытылады?

    Жаңадан енгізілген пәндер қатарында, ағылшын тілі, орыс тілі,  жаратылыстану сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және биология пәндері) дүниетану пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады. Жаңартылған білім беру маз­мұнын белгілейтін типтік оқу жос­парында 1-4 сыныпқа арналған тіл­дерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқы­лым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Тағы бір жаңалығымыз, бас­тауыш мек­тептің 3-4 сыныптарында оқу­шыларға ақпаратты іздеу, талдау және тасымалдау дағдыларын үйрету мақсатында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқытылатын болады. Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адам­гершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату.

Бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыстану, адам және қоғам, технология және өнер, де­нешынықтыру сынды білім салалары аясында білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлерінде кү­тілетін нәтижелерді көре отырып, мең­геруге талаптанады.

Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4 сыныпқа арналған тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Бірінші тіл (оқыту тілі), әдебиет

Екінші тіл (қазақ/орыс тілі)

Үшінші тіл: ағылшын

Т1 қазақ тілі

Т2  орыс тілі

Ағылшын  тілі

3. Топтық жұмыс: І- топ Оқылым

                               ІІ- топ Тыңдалым

                               ІІІ- топ Айтылым

                                ІV- топ Жазылым ұғымдарына сипаттама береді.

   

          

 

         Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:

1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);

2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану,  талдау, салыстыру, бағалау);

3.Шығармашылық ойлау дағдысы

4.Логикалық ойлау дағдысы

5. Сыни ойлау дағдысы

6. Алгоритмдік ойлау дағдысы

7.Критикалық ойлау дағдысы

8.Проблемалық ойлау дағдысы

9.Технологиялық ойлау дағдысы

10.Тілдік құзіреттілік дағдысы

11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

       

   

            

Бағдарлама аясында мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:

Мұғалім шебер сұрақ коюшы болуы қажет, себебі?

 

1.     Ықтимал себептері

Ø Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;

ØОқушылардың ойларын бағыттау үшін;        

ØБағалау үшін;

ØКелесі сұрақтарға түрткі болу үшін;

ØТақырыпты қайта қарау үшін;

ØҚызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;

ØКүрделендіру үшін;

ØСұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;

ØТүсінуге көмектесу үшін;

ØБағамдау үшін.

 

2. Тиімді сұрақтар қандай болады?

Ашық сұрақтар оқу үдерісін бәрінен тиімді  жақсартады. Олар сөйлеу мен ойлауды жетілдіреді.

Мысалы, Қандай металдар магниттеледі?

Жабық сұрақтар "иә”/"жоқ” деп қана жауап беруді қажет етеді. Олар пайдалы болуы мүмкін, бірақ сөйлеу мен ойлауды жетілдірмейді.

Мысалы, Мыс магниттеле ме?

 

3. Тиімді сұрақтар қандай сөйлемде болады?

Жалпылама ашық сұрақтар

     Біз қалай істей аламыз?

     Сен қалай …?

     Егер …, не болады?

     Маған …туралы айтып бере аласың ба?                         

     Сен туралы не ойлайсың?

 

Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау

 

Ұзақ

мерзімді 

Орта

мерзімді 

Қысқа

мерзімді 

Похожие публикации:

15 наурыз 2017 Мақала
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив