ҰБТ: Жаңа өзгерістер мен мүмкіндіктер » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » ҰБТ: Жаңа өзгерістер мен мүмкіндіктер
24
сәуір
2017

ҰБТ: Жаңа өзгерістер мен мүмкіндіктер

<!-- [if !mso]> v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);}

ҰБТ: Жаңа өзгерістер мен мүмкіндіктер

     Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі  оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушылардың білімін бағалауда жаңа қадам, жаңа өзгерістерді қажет етеді. Міне, бүгінде еліміздің тұрақты дамуына ықпал ететін, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, жастарымызға игілікті әсер ететін  жаңа қадам жасалды. Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында айқын мақсатты жүзеге асыру үшін ҰБТ-ның қолданыстағы жаңа форматы жетілдірілді. Осы бағытта 2016-2017 оқу  жылында  Ұлттық бірыңғай тестілеу  екі кезеңде өткізіледі. Мұнда мемлекеттік емтиxан оқушының орта білімді тәмамдағанын дәлелдесе, ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы  мемлекеттік гранттар ұтуға мүмкіндік беруі болып табылады.

      Осы орайда № 5 Ақарал орта мектебінде мектеп бітірушілерді мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға сапалы дайындау негізінде өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Мектеп бітірушілерді мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Семинар аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Б. Байтулекова мен мектеп директоры  Н.С. Койшиманованың алғы сөзімен ашылып, оқу ісінің меңгерушісі А.Кикабаеваның  «Мектеп бітірушілерді мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау алгоритмі» туралы   ақпараттық сессиямен жалғасын тапты. Онда мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге сапалы дайындау негізінде басқару мен бақылаудың нәтижесін арттыру бағытында жүргізілетін жұмыс бағыттарын таныстырып өтті.                                        

 «Оқушылардың оқу сауаттылығы мен эссе жазу дағдысын жетілдіру тәсілдері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәуренбекова Зайра кеңес беру сабағын 11-сынып оқушыларымен өту барысында  эссе жазудағы түрлі  тәсілдерді ескере отырып,оқушылардың ойын тұжырымдау,ой қорыту, дәйектемелер келтіру, композициялық құрылымның сақталуына мән бере отырып, «Тілдерді білу-даналықтың есігі»тақырыбында эссе жаздырды. Сондай-ақ, оқу сауаттылығына оқушыларды даярлаудағы өз тәжірбиесімен бөлісе отырып, түрлі мәтіндік талдаулар жүргізді. Физика пәнінің мұғалімі К.Калманбетова «Электор тогы.Ток күші.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбында өзінің сабағын көрсетсе, математика пәнінің мұғалімі Н.Уалиева «Сан тізбегі.Сан тізбегіне келтірілген есептер» тақырыбында, ал тарих пәнінің мұғалімі Ғ.Қасымов «Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай. Экологиялық дағдарыстардың көрініс табуы»тақырыбында кеңес беру сабақтарын түрлі әдіс –тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларды  қорытынды аттестаттауға  дайындаудың түрлі әдістемелік  жолдарын жан-жақты көрсете білді.

   Мектеп оқушыларын қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға  психологиялық тұрғыдан дайындауда   қиындық тудыратын мәселелерді шешуге байланысты жүргізіліп отырған түрлі тренингтерге тоқталып және білім алушыларды жан-жақты  зерттеп, қиындықтың себебін анықтау және түзету, дамыту жұмыстарын жүргізу барысында мектеп психологі Г. Қазыбаева өз баяндамасын бейнеролик арқылы көрсетті. Мектепте мектеп психологтерінің атқарар жұмысының маңызы зор. Болашақ мамандық таңдауда  әр білім алушыға өз ықпалдарын тигізіп отырғаны анық.

  Міне,ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, мектеп бітірушілерді мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді тәсілдерін  аудандық ұстаздарға көрсете білді.Семинар барысында  аудандық білім бөлімінің әдіскері

Ж.Б Байтулекова  қорытынды аттестаттау және ҰБТ ның ерекшеліктерін талдай отырып, ҰБТ-ның қолданыстағы форматы - ойлау қабілеті дамыған, білімді түлектерге өз білімдерін толық көрсетуге, сонымен қатар, оқушының өзіндік ізденісін, білімді жүйелі түрде игеріп, логикалық ойлау, зеректік  қабілеттерін дамытуына мүмкіндік береді деп атап өтті.

 Семинар соңында барлық қатысушылар пікір алмасып, білім беру сапасы мен тез арада шешуді талап ететін айқындалған  проблемалық сұрақтар арқылы өзара  ой бөлісті.

   Қорыта келе, мақсатты білім беру бүгінгі баршамыздың міндетіміз. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай  жаңа білім беру  –  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

  Жалпы, ҰБТ — шәкірт білімін шынайы бағалаудың барынша тиімді, барынша жетілдірілген тәсілі. Осы бағытта биыл бекітіліп отырған бағдарламаның жаңа форматы шәкірттің 11 жыл алған білім деңгейімен қоса айнала дүниені тану, бейім-қабілеті, ой-өріс көкжиегі,  тұлғаның танымын да айқындауға, сайып келгенде келешек жастардың өмірден

өз орнын табуына тиянақты негіз болары анық.

                                                                         № 5 Ақарал орта мектебінің оқу тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары  А.Кикабаева 

 

 

<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив