«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
24
сәуір
2017

«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

<!-- [if !mso]> v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);}

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮКІМЕТІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВИТЕЛЬСТВА

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН

 

2015  жылғы 25 сәуір                                                 Астана, Үкімет Үйі         от « 25 » апреля  2015 года

 

№ 327                                                                                                                          № 327

 

                                                                                                                                          

Надпись: Бланк сериялық нөмірсіз ЖАРАМСЫЗ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. Қызмет бабына қажетті көшірмелер шектеулі данада жасалады, белгіленген тәртіппен БЕКІТІЛЕДІ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛЫНАДЫ. Бланк без серийного номера НЕДЕЙСТВИТЕЛЕН. Копии при служебной необходимости делаются в ограниченном количестве, ЗАВЕРЯЮТСЯ И УЧИТЫВАЮТСЯ в установленном порядке.

 

 

 

«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы

№ 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің              2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 958-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)  мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«25. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұнын                       2-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 2-3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта  10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады; 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының шеңберінде 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімі іске асырады; 10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары іске асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқу уақытында жүргізіледі.

26. «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 2-4-сыныптарда мынадай оқу курстарының шеңберінде іске асырылады: «Ана тілі», «Музыка», «Бейнелеу өнері», «Технология»; 5-8-сыныптарда сабақтан тыс уақытта, сынып сағаттары мен факультативтер есебінен іске асырылады.»;

35, 36, 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Оқу жылының ұзақтығы 2-11-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.

 36. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 
2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан,
5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан,
8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.

37. Оқу жылында 2-11-сыныптардағы каникул уақытының ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органы белгілейді.»;

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Пәндік нәтижелер 2-4-сыныптарда базалық деңгейде, кейінгі сыныптарда үш деңгейде: базалық (міндетті) деңгейде, жетік мүмкіндік деңгейінде 5-11-сыныптарда (белгілі бір пәнді таңдау кезінде 1 сағат көлемінде вариативтік компонентті игеру үшін) және жетік бейіналды деңгейде                    8-9-сыныптарда/жетік бейіндік деңгейде 10-11-сыныптарда (жалпы орта білім беретін ұйымдар таңдаған пәндерді тереңдетіп оқуға арналған үлгілік оқу жоспарларының нұсқаларын игеру үшін) белгіленеді.»;

65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«65. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар 24-ке немесе одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар 20-ға немесе одан артық, шағын жинақты мектептерде кемінде 10-ға толған жағдайда:

1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 2-11-сыныптарда қазақ тілі бойынша;

2) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 5-11-сыныптарда қазақ әдебиеті бойынша;

3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін                           3-11-сыныптарда орыс тілі бойынша;

4) 2-11-сыныптарда шетел тілі бойынша;

5) 5-11-сыныптарда информатика бойынша;

6) бейінді пәндер бойынша;

7) 5-11-сыныптарда технология бойынша (сынып толымдылығына қарамастан ұлдар мен қыздар топтары);

8) 5-11-сыныптарда дене шынықтыру бойынша сабақтарды жүргізу кезінде жүзеге асырылады.»;

көрсетілген қаулы осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен (бұдан әрі – қосымша) толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін қосымшаның 10-тармағының 2) тармақшасын, 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін қосымшаның 10-тармағының 3) тармақшасын, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін қосымшаның              10-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы           

           Үкіметінің

2015 жылғы «25 » сәуірдегі

№ 327 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы           

         Үкіметінің

2012 жылғы 23 тамыздағы

№ 1080 қаулысымен

           бекітілген 

 

 

Бастауыш білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

         1. Осы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді және білім алушылардың дайындық деңгейіне, бастауыш білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.

2. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына,  сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру қызметін:

1) осы Стандартқа;

2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына;

3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгіленген тәртіппен бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

3. Стандартты қолдану:

1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген бастауыш білім берудің  мақсаттары жүйесіне қол жеткізу есебінен оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;

2) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға;

3) қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін бастауыш білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;

4) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу пәндері мазмұнының тереңдігі мен күрделілігін қамтамасыз ететін пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңмен толықтырып отыруға;

5) күнделікті білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидатын іске асыруға;

6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білімге деген қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;

7) орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында бастауыш білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;

8) білім беру ұйымдарындағы инновациялық практиканы қолдау мен дамытуға;

9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.

4. Стандарт:

1) білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарын;

2) бастауыш білім берудің пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;

3) пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді;

4) пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін;

5) білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуден күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді  қамтамасыз ететін басқару жүйесін;

6) білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін;

7) білім беру ұйымдарының білім беру процесін материалдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз етуге қойылатын бірыңғай талаптарды;

8) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін бағалау параметрлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.

5. Білім беру ұйымдары тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әртүрлі әдістерін, нысандарын және педагогикалық технологияларын қолдану арқылы білім алушылардың Стандартта айқындалған оқытудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізуі үшін денсаулық сақтайтын ортаны қамтамасыз етеді.

6. Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:

1) бастауыш білім берудің базалық мазмұны – типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті бастауыш білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;

2) оқу жүктемесінің вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымы айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;

3) сабақтан тыс іс-әрекет – білім беру ұйымындағы біртұтас оқу-тәрбие процесінің құраушы бөлігі, үлгілік оқу жоспарында айқындалған оқу жүктемесінен тыс іске асырылатын білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысандарының бірі;

4) сыртқы жиынтық бағалау – негізгі орта және жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін меңгерген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін айқындау;

5) ішкі жиынтық бағалау – оқу тоқсанының соңында оқу бағдарламасының бөлімдерін оқып аяқтағаннан кейін білім алушылардың меңгерген білімі мен қалыптасқан дағдылары деңгейін айқындайтын бағалау;

6) білім беру саласы – мәндес оқу пәндерінің жиынтығын қамтитын  бастауыш білім берудің базалық мазмұнының құраушы бөлігі;

7) ерекше білім беру қажеттіліктері (мұқтаждықтар) – дене бітімінде және ақыл-есінде кемістігі бар балаларды қоса алғанда, білім алуда қандай да бір себептермен тұрақты немесе уақытша қиындықтарға тап болатын балалардың қажеттіліктері;

8) оқу жүктемесінің инвариантты компоненті – білім беру ұйымдарында типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан барлық білім алушылардың оқып білу үшін міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;

9) инклюзивті білім беру – білім беру бағдарламаларына сәйкес басқа да санаттардағы білім алушылардың тең қолжетімділігін көздейтін даму мүмкіндіктері шектеулі адамдарды бірге оқыту мен тәрбиелеу, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдау;

10) бағалау критерийлері – мұғалім мен оқушыға формативті бағалау кезінде оқытудың мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым (табыс критерийі) және ішкі жиынтық бағалау кезінде білім алушының жұмысты қаншалықты орындағанын бағалауға мүмкіндік беретін тұжырымдар (балдарды қою критерийлері);

11) білім беру процесін мониторингтеу – білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асырудың нәтижелері мен жағдайларындағы өзгерістердің динамикасын жүйелі бақылау, диагностикалау, талдау, бағалау және жай-күйін болжау;

12) үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің (сабақ) тізбесін регламенттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;

13) формативті бағалау – сабақта және/немесе үйдегі күнделікті жұмыс барысында білім алушылардың меңгерген білімдері мен қалыптасқан дағдыларының ағымдағы деңгейін айқындайтын және ол оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын, білім алушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын және оқыту мақсаттарына қол жеткізгенін түсінуге мүмкіндік беретін бағалау.

7. «Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» деген бөлімде бастауыш білім берудің белгілі бір білім беру саласына енетін пәндер бойынша ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттар жүйесі түріндегі оқытудан күтілетін нәтижелер көрсетілген.

8. «Бастауыш білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті бастауыш білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі көрсетілген.

9. «Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар» деген бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру мерзімі, топтарға бөлу үшін сыныптардың толымдылығы көрсетілген.

10.  Стандарт кезеңмен-кезеңмен:

1)   

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив