Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
24
сәуір
2017

Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

<!-- [if gte mso 9]> 800x600

Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау нұсқаулығы

Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды 
ұйымдастыру және өткізу жөніндегі 
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы  ережелер

1. Осы Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастрыу және өткізу туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-і бабының 42- тармағына,  Қазақстан   Республикасы Үкіметінің  «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы»  2007 жылғы  24  желтоқсандағы № 1270 қаулысына сәйкес  әзірленді. 

2. Нұсқаулық меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды (бұдан әрі – аттестаттау) ұйымдастыру мен өткізу рәсімінің тәртібін белгілейді.

3. Шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық білім беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттік аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

4. Білім беру ұйымдарын аттестаттау олардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бес жылда бір рет жоспарлы түрде білім беру саласындағы немесе денсаулық саласындағы (медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде) уәкілетті орган мен өз құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-уәкілетті органдар) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және керек жағдайда орыс тілдерінде жүргізеді.

5.  Мемлекеттік аралық бақылаудан өтпеген білім алушылардың саны білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті саннан асатын білім беру ұйымдары келесі оқу жылы кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады.

6. Білім беру ұйымын аттестаттау кезінде білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкестігі анықталады (бұдан әрі - МЖМС).

7. Аттестаттау өткізу кезіндегі зерделеу нысандары:
1) білім беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы;
2) кадрлар құрамы;
3) білім алушылардың контингенті;
4) оқу-әдістемелік жұмысы;
5) оқу-тәрбие  жұмысы және педагогикалық жүктеме;
6) оқу - материалдық активі;
7) оқу және ғылыми зертханалар;
8) ақпараттық жабдықтар мен кітапхана қоры;
9) білім алушылардың білім сапасын бағалау;
10) ғылыми - зерттеу жұмысы;
11) кәсіптік практикаболып табылады.

8. Білім беру ұйымдарын аттестаттаудан өткізу үшін ақпарат жинаудың негізгі әдістері:
1) материалдық-техникалық базаны және әлеуметтік қамтамасыз ету нысандарын көзбен көру;
2) білім беру ұйымдары мен олардың бөлімшелерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын сақтауы жөніндегі құжаттамасын зерделеу;
3) оқу процесінің көрсеткіштерін талдау;
4) ұлттық бірыңғай тестілеудің, мемлекеттік аралық бақылаудың,  оқушыларды қорытынды  аттестаттаудың нәтижелерін талдау;
5) білім алушыларды, оқытушыларды, қызметкерлерді және оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарын, оқушылар мен жұмыс берушілерді іріктеп сауалнамадан өткізу;
6) оқу сабақтарына қатысу;
7) білім алушылармен, оқытушылармен және қызметкерлермен әңгімелесу;
8) білім алушылардың білім сапасын кешенді тестілеу және білім кесінділерін бақылаудың басқа түрлерін қолдану арқылы бағалауболып табылады.

9. Мемлекеттік аттестаттау, жалпы алғанда білім беру ұйымдары бойынша, одан басқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін сондай-ақ мамандықтар (кәсіптер) бойынша жүзеге асырылады.

10. Білім беру ұйымдарын аттестаттауға арналған шығыстар  бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу

11. Білім беру ұйымдарын  аттестаттау уәкілетті органдар бекіткен аттестаттауды өткізу кестелеріне сәйкес жүргізіледі.

12. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу мерзімі туралы ақпарат білім беру ұйымдарына  аттестаттау басталғанға дейін үш ай бұрын жеткізіледі.  

13. Бекітілген кестелерге:
1) білім беру ұйымдарының аттестаттаудың мерзімін кейінге қалдыру қажеттілігі туралы дәлелді қорытынды келтірілген жазбаша өтініштері;
2) жаңа заңды тұлғаларды құрумен байланысты білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру;
3) мемлекеттік аралық бақылаудың нәтижелері негізінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.

14. Аттестаттаудың бекітілген кестелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда білім беру ұйымдары ол туралы аттестаттау басталғанға дейін үш ай мерзімнен кешіктірілмей хабардар етілуі тиіс.

15. Аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттау кестелеріне сәйкес аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей  уәкілетті органдарға мынадай сапалық және сандық сипаттамалар: білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы; кадрлар құрамы; білім алушылардың контингенті; оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме; оқу-материалдық активтер; оқу және ғылыми зертхана; ақпараттық жабдықтар және кітапхана қоры; білім алушылардың білім сапасын бағалау;  ғылыми зерттеу жұмысы; кәсіптік практика; лицензияның және құрылтайшылар туралы құжаттардың  көшірмелері енгізілген өзіндік бағалау материалдарын  ұсынады.Уәкілетті органдар ұсынылған  материалдарды талдауды жүзеге асырады.

16.Аттестаттауды жүргізу үшін  тиісті уәкілетті органдар аттестаттау комиссияларын (бұдан әрі-Комиссия) құрады.

17. Комиссияның құрамы білім беру ұйымдарын аттестаттаудан өткізу басталғанға дейін 10 күн бұрын уәкілетті органдардың бұйрықтарымен бекітіледі. Тиісті уәкілетті органның қызметкері Комиссияның төрағасы болып тағайындалады.

18. Комиссияның құрамына:
1) тиісті уәкілетті органдардың;
2) егер мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік білім беру ұйымдарында өткізілген жағдайда қарамағында білім беру ұйымдары бар органдардың;
3) білім беру ұйымдары мен олардың бірлестіктерінің (қауымдастықтарының) өкілдері, Қазақстан Республикасының жетекші педагог қызметкерлері енеді.
Комиссияның құрамына кандидатураларды іріктеу бiлiм беру ұйымдарының бейiнi, даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша жүзеге асырылады.

19. Білім беру ұйымдарын аттестаттауды Комиссиялар жеті күннен аспайтын мерзімде өткізеді.

20. Комиссия төрағасы Ғылыми (Педагогикалық) кеңестің кеңейтілген кезектен тыс отырысында  комиссия мүшелерін таныстырады және олардың  арасында білім беру ұйымы қызметінің бағыттарын кешенді зерделеу жөніндегі нақты тапсырмаларды бөледі.  

21. Комиссияның жұмысы туралы хабарлау және тиісті жазбаша хабарландырулар дайындау білім беру ұйымының басшысына жүктеледі.

22. Комиссия өзінің жұмысында білім беру ұйымдарының қызметін және білім беру сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.Комиссияның төрағасы Комиссия мүшелерін қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді.

23. Комиссия мүшелері Комиссия төрағасына аттестаттау мәселелерін зерделеу барысы туралы ақпарат береді және оған білім беру ұйымы қызметінің көрсеткіштерін жан-жақты талдап, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды нормативтік құқықтық актінің қай нақты нормасы бойынша бұзуға жол берілгеніне сілтеме жасалған анықтама, оларды жою жөніндегі ұсынымдар мен қорытындылар  береді.

24. Білім алушылардың білімінің сапасының МЖМС-қа сай екенін білу үшін Комиссия бітіруші топтарда, сыныптарда және курстарда олардың білімі және іскерлігіне бақылау өткізеді.
Бұл жағдайда кешенді тестілеу технологиясы және білім алушылардың білімі және іскерлігін анықтаудың басқа да түрлері (бақылау жұмысы, эссе, жобалық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, шығармалар) пайдаланылады.
Орта білімнен кейінгі және жоғары білім оқу орнын бітіруші білім алушылардың білімінің және іскерлігінің сапасын тексеру үшін мамандықтардың оқу-әдістемелік секциясы (одан әрі-ОӘС) базалық және профилдік циклге енетін пәндердің тізімін  БТМСҰО-ға ұсынып, оны уәкілетті орган бекітеді.
Бітіруші курста оқитын білім алушылардың білім сапасын және іскерлігін анықтау үшін комиссия әрбір мамандық бойынша білім мен іскерлікті бақылауды жүргізу үшін «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» бағаларға оқитын білім алушылардың пропорциялық қатынасына байланысты саны 50 адам болатын білім алушылар контингентін   анықтайды. Егер, мамандық (кәсіптік) бойынша білім алушылардың саны 50 адамнан кем болса, онда білім сапасын, іскерлікті, дағдылығын бақылау жұмысымен барлық білім алушылар  қамтылады.

25. Кешенді тестілеу кезіндегі бағалау шкаласы (пайыздық қатынаспен) мынадай тәртіппен анықталады:«өте жақсы» - 88-100 %;«жақсы» - 75-87 % ;«қанағаттандырарлық» - 60-74 %;«қанағаттанарлықсыз» - емтихан материалдарындағы сұрақтар санының 60 %-нан төмен дұрыс жауап берілгенде қойылады.

26. Бақылау жұмысы, эссе, жобалық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, шығармалар жұмысын тексеруді және төрт балды жүйемен бағалауды Комиссиясының төрағасы бекіткен бірлескен комиссия жүзеге асырады. Бірлескен комиссияның құрамына Комиссияның төрағасы мен мүшесі және білім беру ұйымының бір оқытушысы кіреді.
Бес сұрақтың үшеуіне және одан көбіне дұрыс жауап берсе, онда білім алушы оң баға алады.

27. Мектепке дейінгі ұйымдарда кешенді тестілеу қызметкерлер мен ата-аналарды сауалнамадан өткізумен  алмастырылады.Мектептен тыс және арнайы білім беру ұйымдарында (спорттық, әскери, өнер, психологиялық-медициналық-педагогикалық) білімді бақылаудың басқа түрлері, оның ішінде бақылау жұмысы, тыңдау, байқау, спорттық өлшеулер қолданылуы мүмкін.

28. Кешенді тестілеудің нәтижелерін және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдері мен іскерліктерін бақылаудың басқа да түрлерін талдауды, қызметкерлер мен ата-аналарға сауалнама жүргізуді Комиссия жүзеге асырады. 

29. Сауалнама және басқа да сұраулар жүргізу кезінде  Комиссия студенттік, жастар және  қоғамдық ұйымдарды тартады.    

3. Аттестаттаудың қорытындыларын шығару

30. Комиссияның төрағасы барлық бөлімшелерді бағалау нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік аттестаттаудың қорытындылары туралы Комиссияның тұжырымын (бұдан әрі-Тұжырым) дайындайды. Оған мына бөлімдер кіреді:
1) білім беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы;
2) кадрлар құрамы;
3)  білім алушылардың контингенті;
4) оқу-әдістемелік жұмысы;
5) оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме;
6) оқу-материалдық активтер;  
7) оқу және ғылыми зертхана;
8) ақпараттық жабдықтар және кітапхана қоры;
9) білім алушылардың білім сапасын бағалау;
10) ғылыми зерттеу жұмысы;
11) кәсіптік практика;
12) шығармашылық қызметі (өнер саласындағы білім беру ұйымдары үшін);
13) мамандықтарды (кәсіптерді) аттестаттау;
14) сауалнама нәтижесі;
15) кемшіліктер мен ескертпелер;
16) қорытындылар мен ұсыныстар.
Қорытындыда білім беру ұйымдарын аттестаттау немесе аттестаттамау туралы ұсыныс беріледі.

31. Тұжырымның екі данасына  Комиссияның төрағасы және барлық  мүшелері қол қояды.Білім беру ұйымының басшысы қол қойылған тұжырымдаманың екінші данасы оқу орнына беріледі.

32. Тұжырымға мыналар қоса тіркеледі:
1) білім беру ұйымының негізгі көрсеткіштері;
2) білім беру ұйымы бөлімшелерінің құрылымы;
3) білім беру ұйымының контингентері сонымен қатар оқыту түрлері және мамандықтары (кәсіптіктері) бойынша оқитын оқушылар туралы мәліметтер;
4) білім беру ұйымының профессор-оқытушы, педагогикалық және қызмет көрсететін құрамының сандық және сапалық сипаттамасы;
5) сауалнаманың нәтижелері;
6) кешенді тестілеу мен бақылау жұмыстарының нәтижелері;
7) білім беру ұйымы Жарғысының және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;8) өртке қарсы қауіпсіздіктің және санитарлық эпидемиялогиялық стансаның қорытындылары.  

33. Білім беру ұйымы ұсынған өзін-өзі бағалау материалдарының, Комиссияның қорытындысының негізінде уәкілетті органдар он күнтізбелік күн ішінде тиісті уәкілетті органның бұйрықтарымен (қаулыларымен) ресімделетін білім беру ұйымын аттестаттау немесе аттестаттамау туралы шешім қабылдайды.

34. «Аттестатталмасын» деген шешім Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес заңды  немесе жеке тұлғаға айыппұл салып, білім беру ұйымының лицензиясының қолданысын алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруға   әкеліп тірейді.

35. Білім беру ұйымы "аттестатталсын” деген шешім егер білім беру қызметі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес болса, оның ішінде  білім және іскерлікті бағалаудың қорытындысы бойынша білім алушылардың 70 пайызы оң баға алғанда қабылданады.

36. Уәкілетті органдар лицензияның қолданысын тоқтатқан жағдайда тоқтату мерзімі өткен соң аттестаттау барысында анықталған кемшіліктерді жойғандығын анықтау үшін  уәкілетті органдар  комиссия құрады.

37. Лицензияның қолданысының тоқтатыла тұруына себеп болған кемшіліктер жойылған жағдайда комиссияның оң  ұсыныстарының негізінде уәкілетті органдардың шешімімен оның қолданысы қайта жандандырылады.

38. Лицензияның қолданысының тоқтатыла тұруына себеп болған кемшіліктер жойылмаған жағдайда лицензиядан айыру әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE MicrosoftInternetExplorer4 <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:10.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif";}
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив