«Отбасылық құндылықтарды құрметтейік!»тақырыбында ата-аналармен бірлескен байқау
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гиназиясында мектепшілік «Ақылды балаға – ақылшы ата-ана» онкүндікте 12.11.18 жылы 3 «ә» сынып білім алушыларымен «Отбасылық құндылықтарды құрметтейік!» тақырыбында ата-аналармен бірлескен байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты балалар мен ата-аналардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін ашуға, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін іс жүзінде көрсету мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасау. Ата-аналармен бірлескен байқау: «Рұқсат карточкасы», «Мақалды жалғастыр», «Сәби сөзімен» тағы басға байқау кезеңдерінен тұрды. Бұл байқауға 3 жұп, білім алушылар да қатысты. Олар: Ойшан Жанель анасы Қозыбахова Маржан, Алдибек Бекарыс анасы Ауғанбаева Гүлзина, Тұрымжар Бекарыс анасы Ермагамбетова Эльмира.
Ата-аналар барлық байқауларға белсене қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. Байқау соңында әрбір отбасы әділқазылардың шешімімен «Дарынды отбасы», «Өнегелі отбасы», «Өнерлі отбасы» атты номинацияларымен марапатталды.