10 қазан мен 20 қараша аралығында құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу айлығында өткізілген іс-шара
2018 жылдың 10 қазан мен 20 қараша аралығында өткен құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу айлығының іс-шаралар жоспары жасалынып, өткізілді.
8-12 қазанда аралығында Меркі АІІБ ЮПТ ЖПҚ полиция майоры Е. Тупеков 5-8 сынып оқушылары арасында «Құқықтық білім –өзекті мәселе» тақырыбында әңгіме сағатын жүргізді. 9-11сынып оқушылары арасында «Құқық. Заң. Жасөспірім» тақырыптарында дәрістер оқыды.
5-12 қараша 1-11 сынып жетекшілері «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағатында оқушыларға құқықтық білім мен құқық бұзушылық туралы мәліметтер берілді. Мектеп психологы Р. Молдобекова 13-16 қараша аралығында 8-11 сынып оқушылары аралығында «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде, оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін толық білетіндіктері анықталды.