«Нұрлы Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында 2018 жылдың 10-14 желтоқсан күндері аралығында тарихи-өлкетану музейінде өткізілген экскурсия » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » «Нұрлы Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында 2018 жылдың 10-14 желтоқсан күндері аралығында тарихи-өлкетану музейінде өткізілген экскурсия
12
желтоқсан
2018

«Нұрлы Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында 2018 жылдың 10-14 желтоқсан күндері аралығында тарихи-өлкетану музейінде өткізілген экскурсия

        Жаһандану заманында түрлі теріс ағымдардың етегінде жұтылып кетпей, елдігімізді сақтап қалу – үлкен сын. Оның бірден-бір жалғыз жолы – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміздің тарихын, мәдениетін, туған өлкеміздің тарихын білу – әрбір азаматтың міндеті. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» кіші бағдарламасы аясында тәрбие және білім жобасы «Өлкетану» базалық бағыты бойынша мектебімізде  ДТЖО Р.Бабижанова мен музей жетекшісі Ф.Асубаеваның  ұйымдастыруымен  «Нұрлы Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында 1-4 сынып білім алушылары  тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасады.                                     

      Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты.  Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек. 

      Экскурсия барысында білім алушылар Қазақ хандығынан бастау алып, Қазақстанның тәуелсіздік шежіресімен, ауыл, аудан, облысқа еңбегі сіңген ерлер, білім саласындағы ұлы Отан мен ауған соғысы ардагерлері  тарихымен танысып, олардың елге жасаған қызметтерінен мәлімет алды. "Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес” деген қанатты сөзді ұстана отырып, білім алушыларымыз музейде таным-түсініктерін молайтып, білім көкжиектерін кеңейтті. Халқымыздың, өлкеміздің өткен тарихына деген қызығушылықтары артып, мұндай игі істердің жалғасын табуын қалайтындықтарын жеткізді.


 

 

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив