Желтоқсан оқиғасының қос күрескері » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Желтоқсан оқиғасының қос күрескері
24
сәуір
2017

Желтоқсан оқиғасының қос күрескері

<!-- [if !mso]> v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);}

Желтоқсан оқиғасының қос күрескері

        Қазақтың басынан қаншама қайғы қасірет, оқыс оқиғалар болғанымен сол оқиғадан алып шығатын, әр заманның өз қаһармандары болады. Елімізде үлгі тұтатын, мақтауға лайық ұлы тұлға ағаларымыз жеткілікті. Алысқа барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі өзіміздің Меркі ауданы Ақарал ауылының тумалары желтоқсан оқиғасының қос күрескері Қарабаев Шора Халықұлы мен Толымбек Жортулы Байжүнісұлы. Тұлғаларымыз қазіргі таңда Алматы облысында елге елеулі халыққа қалаулы аға, ұлағатты ұстаз болып  еңбек етуде. Бұл ағаларымызды бірі білсе, бірі біле бермейді. 1986 жылдың қақаған қара суығында билікке қарсы күресіп, аязына шыдап, қолынан келгенін аямады. Ағаларымыздың елге еткен елеулі еңбектері көп-ақ. Еңбектерін бағалап, жас ұрпаққа аманат ету барысында, Ақарал ауылдық мектебінде мектеп оқушыларымен, ұстаздарымен кездесу өтті. Желтоқсан оқиғасының қалай, қандай мақсатпен басталғаны жайлы көптеген мәліметтерді баяндап берді. Оқушылар бұл мағлұматтардан өздеріне тағылым алып, білмегенін біліп, өздеріне үлгі тұтар сабақ алды. Оқушыларымыз Білдебай Аминат пен Әлдибек Әсем ағаларымызға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып өтті. Сонымен қатар, мектебіміздің ұстазы Айжарықов Санат ағайымыз тұлғаларымызға елеулі еңбегі мен елінің ертеңі үшін аянбай күрескені үшін алғысын білдірсе, 11-сынып оқушысы Жапарқулов Әбиірбек жүрегіндегі арман ойын ортаға салып, ағаларымыздай ұлы тұлға, күрескер батыр, патриот болғысы келетінін айтып, ағаларымызды бір қуантып қойды. Кездесу тәмамданар тұста ағаларымыздың мектебімізге, мектеп ұжымына табыс тілеп, оқушыларға білім шыңына жетіп, аңсаған армандарының иесі болуына көп еңбектену керектігін айтып, ақ тілектеін жаудырды. Кездесу соңында оқушылармен естелік суретке түсіп, көңілді күймен тарқасты.

           Мұндай ұлы тұлғаларды ұмытуымыз келешек ұрпақтың тарихы мен тамырын ұмытуына әкеледі. Үлгі тұтар ағаларымыздың ерліктерін ұлықтап, еңбектерін елеусіз қалдырмай, жас ұрпақтың санасына сіңіріп отырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Қарабаев Шора Халықұлы мен Толымбек Жортулы Байжүнісұлы – Меркі ауданының тұмарлары, Мемлекет қайреткерлері, Желтоқсан оқиғасының қос күрескерлері.

 

   

 

№5 Ақарал орта  мектебінің 11 «а» сынып оқушысы Балтабаев Мұқағали       

<!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив