10
желтоқсан
2025
«Асық ату мергендік пен мәдениет мектебі» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара
10.12.2025ж №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында эксперименталды алаң бағдарламасы негізінде құрылған «Шабыт» жобасы аясында және оқушылардың қызығушылығы бойынша құрылған үйірмелердің жұмыс жоспарына сәйкес «Асық ату мергендік пен мәдениет мектебі» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға
5-6 сынып оқушылары қатысып, қазақ халқының ұлттық ойыны асық арқылы баланың дене қозғалысы мен ой-өрісін мергендігін ғана емес, сондай-ақ , баланың көз дәлдігін, қол икемділігін, ептілік пен шапшаңдықты, сабыр мен шыдамдылықты дамытатын құрал арқылы, әділдік пен шынайылық тәрізді құндылықтар да қалыптасатынын білді. Үйірме жетекшісі: Қ.Темірбеков