04
қыркүйек
2023
7-11 сынып ұл балалар арасында "Құқық бұзушылықтың алдын алу -басты міндет" тақырыбында жиналыс
2023 жылы 4 қыркүйек күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында ДҚТЖО Ғ. Айтбаев 7-11 сынып ұл балалар арасында "Құқық бұзушылықтың алдын алу -басты міндет" тақырыбында жиналыс өткізді. Іс-шара барысында білім алушыларға құқықтық сауаттылық, қылмыс пен құқық бұзушылық, кибербуллинг, буллинг түрлері мен одан сақтану жолдары, сонымен қатар жасөспірім тарапынан жасалған қылмыс, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы мәліметтер берілді.