22
қазан
2020
"5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері" тақырыбында Zoom платформасы арқылы кездесу
N5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп - гимназиясы 5 сынып оқушыларының ата - аналарымен мектеп психологы Р. Молдобекова "5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері" тақырыбында Zoom платформасы арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында бесінші сынып: тек жаңа сатыға өту ғана емес, сонымен бірге, жаңа даму кезеңі - жасөспірімдік шақ дей келе ата - аналарға "Кіші жастағы жасөспірім туралы нені білу керек", "Бесінші сынып оқушысы қандай қиындықтарға тап болады", "Баланың ойдағыдай бейімделіп келе жатқанын қалай түсінуге болады", "Бала бейімделу қиындықтарға шалдығып жатқанын қалай түсінуге болады" тақырыптарында ақпарат айтып ата - аналарға ұсыныс - кеңестер берді. Кездесу соңында 5 сынып ата - аналарының WhatsApp желісіндегі топтарына сауалнама жіберілді.