27
ақпан
2019
"Дін проблемаларын зерттеу орталығы" қызметкерлерінің мектептің білім алушылары үшін жүргізген дәрісіне анықтама
2019 жылдың 27 ақпан күні №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында 9 - 11 сынып білім алушыларымен діннің өзекті тақырыптары бойынша Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы мен "Дін проблемаларын зерттеу орталығының" дінтанушы, теолог мамандарымен кездесу өткізілді.
Облыстың ақпараттық - түсіндіру топ мүшелері, орталықтың инспекторлары Елнұр Әскенұлы мен Алмас Құлымбетов жастарға "Тоталитарлық ұйымдардың қызметтерінің негізгі белгілері" туралы ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында 9 - 10 білім алушылары А.Жұбатханов, Д.Ернұр, Қ.Өзбек, М.Келіскен, Е.Бақыт көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптар алды. Теолог мамандар діндердің тарихы, дәстүрлі емес, қауіпті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы мәлімет бере отырып, білім алушыларды діни сауаттылығын арттыру мақсатында белгілі сайттардан ақпарат алуға шақырды.