«Білім алушылардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адами құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру» баяндама » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » «Білім алушылардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адами құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру» баяндама
16
қараша
2018

«Білім алушылардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адами құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру» баяндама

Армысыздар құрметті әріптестер!
«Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет»
                                                                                                                                 Н.Назарбаев
Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену бағдарламасын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің бағдарламасын жүзеге асыру керектігіне баса назар аударған. Күні кеше ғана Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауынада «Бүгінгі ахуал біздің жетістіктерімізді сынға салып елдігімізді шыңдай түсетін уақыт кезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз қажет. Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделген жоспар болып саналады. Бізде заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет» деген еді.
Сыбайлас жемқорлықты мемлекет пен қоғамның бірлескен күшімен жеңу және сыбайлас жемқорлықты туғызатын залалдарымен емес, оның жағдайы мен себептерін азайту мүмкін екендігін баршамыз білеміз. Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің аса маңыздылығы мен өзектілігін түсіне отырып, қоғамның барлық күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске жұмылдыра отыра әр азаматтың міндеті болып табылуы қажет.
Білім беру ұйымдарында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамда құқық бұзушылыққа төзбеушілік орта қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес  ұйымдастыру мақсатында мектепте оқушылардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адами құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Қазақстандық отаншылдықты және азаматықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбиені санасына жеткізу бағытында мынадай күтілетін нәтижеге жетеміз деп көздеп отырмыз.
Қоғамда өмір сүруге икемді патриот пен азамат қалыптасады, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, толеранттықтың және тұлғаны әлеуметтік мағыналы қасиеттердің қалыптасуының деңгейі өседі.
Адал еңбек – өмірді жақсартудың басты құралы деген түсінік қалыптасады
МЕКТЕП
Жеке тұлға

Н
 
 

Ә
 
 

Т
 
 

И
 
 

Ж
 
 

Е
                
АТА-АНА
Құқықтық мәдениеті дамиды
Өзін-өзі тәрбиелейді
Парыз және жауапкершілікті сезінеді
 Біріншіден, мектеп – ұлт рухының айнасы. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
Жоғарғы сыныптар
Бастауыш сыныптар
 тәрбие беру орталығы
Заңнаманың негізгі ережелері, кәсіптік этика туралы білім беру
Адалдық, тұрақтылық, отаншылдық, Отанға қызмет ету
 Нәтижесі:
  • Өзінің және басқаның адал еңбегін қадірлеу;
  • Құқық бұзушылықтарға қарсы келуге дайын болу тиіс;
  • Сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік қатер, кәсіпкерлікке барьер ретінде қабылдауы;
  • Әкімшілік және қылмыстық заңнаманың негізгі ережелерін білу;
 Екіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру орталығында тұлғаның оқыту арқылы, тиісті пәндердің типтік оқу бағдарламаларына қосу мен қосымша білім беру арқылы тәрбиелеу.
Үшіншіден, бала тәрбиесіне әсер ететін факторлардың бірі – әлеуметтік орта.  
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА
ҰЖЫМ
ҚОҒАМ
НӘТИЖЕЛЕРІ
Парасатты, салауатты азамат
Әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді
Қарым-қатынас және әрекет мәдениетін үйренеді
Құқығын біледі
            Тәуелсіздік жылдарынан Қазақстанда тұтастай конституциялық талаптарға сәйкес және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көбеюіне тосқауыл болатын тыңғылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасқан және күшіне енген.
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 2018 жылдың 28 тамызда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» №139 бұйрығы негізінде мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін, келеңсіз жайттардың алдын алу, тиісті шешімдер қабылдап, орындалуын қадағалауға кеңес құрылған. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2015 жылғы тамыздағы №8 1-2-3-4522 хатын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V-ҚРЗ негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздеріне» сәйкес мектеп тәрбие беру жоспарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптары қосылды. 1-11 сынып оқушыларының арасында «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу» бойынша сынып сағаттары өткізілді. Өткізілген сабақтарда сынып жетекшілері 2014 жылдың 26 желтоқсанында № 986 Жарлығына сай Елбасы Н.Назарбаев «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» бағыттарына жеке тоқталып, оқушыларға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осыған орай, 7 «А», 11 «А» сынып жетекшілері Қ.Темірбеков пен Г.Наушабаеваның ұйымдастыруымен «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілгені туралы атап өтсе болады. 9«Ә» сынып жетекшісі Г.Шошабай «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» тақырыбында сынып сағатында жемқорлыққа жол берген адамдар заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылатындығы айтылып өтті. 10 «А» сынып жетекшісі Э. Жаксыбаева «Біздің міндет – халыққа қызмет» атты сабағында оқушыларға сан ғасырлардан бері қазақтың кең даласына көптеген көліктер болмаған, оларға байланысты ешқандай қиындықтар тумаған. Қазіргі кезде қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалы, автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерге тоқстап, адамдарды үсті-үстіне алу жемқорлық па, әлде тәртіп бұзушылық па? Деген сан алуан сұрақтарды талқылап өтті.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің 05.10.2015ж. №8/1-2-3-5738 хатына сәйкес №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында қазан айынан бастап «Сыбайлас жемқорлықтың мәні, мазмұны, қоғамға тигізер зардаптары» тақырыбында тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, кездесулер жүргізу жоспарланды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін, оқушылар арасында орын алған келеңсіз жайттарды қарап, тиісті шешімдер қабылдап, орындалуын қадағалауға кеңестің жұмысын жандандыру тапсырылды. Мектептегі жастар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік орта қалыптастыру мақсатында 1-11 сынып оқушыларының арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: білім және тәрбие» атты әдістемелік құралын пайдалана отырып түсіндіру жұмыстары жүргізіле бастады. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Дәл сондықтан мектептерде тәрбие процесін түзету бойынша шаралар қолданылып отыр.
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру «Сыбайлас жемқорлық: мәні, мазмұны, қоғамға тигізер зардабы» тақырыбында 2018-2019 оқу жылында өткізілетін жылдық іс-шаралар жоспары жасалынды Осы жоспарға сай қазан айының 10-нан бастан бастауыш сынып оқушылары арасында сынып сағаттары өткізілді. Оның ішінде атап өтетін болсақ, 3 «А» «Досыңның ала жібін аттама» атты сабағында М.Бекасилова адалдық туралы «болжау» әдісімен қысқаша мәлімет беріп, сыныптағы балалар ьопқа бөлініп, әр қайсысы тапсырма алып, постер жасады. Үш топқа адамгершілік, адалдық және әділдік туралы мақал-мәтелдердің мағынасы түсіндіріп, балалар өз ойларын ортаға салды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қатынасты қамтып көрсететін, «Адалдық-тәртіп нормасы» берік азаматтық позициясын бағамдайтын сыбайлас жемқорлықты көпшілік кінәлауда көрінетін құндылықтар жүйесі.
«Кім болам?»
«Жаңбырмен жер көгегер, Батамен ел көгерер»
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
«Асылды? бірі адалды?», «Әдептілік-адамгершілік айнасы»
«Заң балаларды қорғайды» «Жасөспірім және заң»
«Заң және құқық», «Балалардың негізгі құқығы».
«Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйенерге жарар ол».
«Мәдениет дегеніміз не?»
«Жемқорлықты жою» деп айтуға үйренміз»
«Мен және менің достарым», «Менің сыныптағы орным?»
5-8 сыныптар
9-11 сыныптар
«Мемлекеттік рәміздер елдігіміздің белгісі» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар
«Адалдық – ардың ісі»
Абай ойының өзекті желісі «толық адам»
«Мәдениет деген не?»
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне 
деген опасыздыққа қарсымыз»
«Ақырын жүріп анық бас», «Парасат – бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі»,
«Табысқа жету жолдары»
«Аталар сөзі – ақылдың көзі»
«Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жолдары» тақырыбында жоғары сынып оқушылары және сынып жетекшілері үшін іс-шаралар ұйымдастыру
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне 
деген опасыздыққа қарсымыз»
«Мақал – сөздің мәйегі», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
 Келешек ұрпақты мектеп қабырғасынан тәрбиелеу – қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, адамгершілік құндылықтарын насихаттау маңызды факторы болуы тиіс.
«Жемқорлыққа жол жоқ?» атты сурет көрмесі, Қ.Р. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің САLL-CENTER 1424 атты ақпараттық стенді мектептің 1-ші қабаттың дәлізінде ілініп, сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде сезіну – қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі болып табылады.
Қоғамның түрлі саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған механизмдер әр алуан. Білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, құқық бұзушылыққа қарсы тұрушылық қасиеттерін, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруды негізге алған жоспар алдағы уақытта толтырылып, теориялық, әдіснамалық қамтамасыз етілетін болады.
Баяндаманың соңында «Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі» екенін түсіну керек деген сөздермен аяқтағым келіп отыр. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив