«Рухани жаңғыру бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: Бүгіні мен болашағы» атты облыстық ғылыми – практикалық конференция
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2018 жылдың 30 қараша күні тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, әдіскерлер, педагогтар қатысуымен «Рухани жаңғыру бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: бүгіні мен болашағы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Осы аталған іс-шараға Меркі ауданы №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының директоры Койшиманова Нурила Сейсембайқызы конференция ашылуында «Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі» атты баяндама жасады. «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты жұмысшы 1секциясында «Мектеп жетістігі- мұғалім мерейі» атты баяндаманы, №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бабижанова Райхан Жолдасқызы мектебінде өткізілген іс – шаралар тәжірибесімен бөлісті. Баяндама конференция материалдарының жинағына енді.