19
қараша
2019
Зорлық-зомбылықтың алдын алу,балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында ІІ-мобильді жұмысшы топ өкілдерінің қатысуымен 9-11сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді
2019 жылдың 19 қараша күні №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу,балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында ІІ-мобильді жұмысшы топ өкілдерінің қатысуымен 9-11сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында мобильді топ құрамының өкілдері Жамбыл атындағы #5 мектеп-гимназиясының директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Н. Ноғайбеков және "Ана мен бала" жасөспірімдердің гинеколог-дәрігері Д. Шондыбасова зорлық-зомбылықтың алдын алу әрекеттері бойынша, балалар арасында құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ заңнамалық кодекс ақпараттары туралы, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету бойынша балаларға көмек көрсететін қызметтер туралы толық ақпарат беріп, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.