Жасөспірімдер мен балалардың көшелермен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруын, көлік ортасына бейімделуін қалыптастыру және жол-қауіпсіздік ережелерін сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өткізілген іс-шара
Қазан айының 22-де «Балалар мен жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғасын болдырмау және алдын алуға» арналған іс-шаралар жоспары жасалынды. Көліктер өтетін жол өткеліне кезекшілік қатаң бақылауға алынды. Мектеп жасындағы балалар арасында жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Е. Тупековтың қатысуымен 1-11 сынып оқушылары арасында «Жол ережесін білу-бәріне міндет» тақырыптарында дәріс өткізді. Дәрісте жол тәртібі туралы, қазіргі кездегі жол көлік оқиғаларына себепші мектеп оқушылары екендігі айтылып, жол ережелерімен оқушыларды таныстырды.
Балаларды жол апатынан сақтау мақсатында оқушыларға 5-6 сынып оқушылары арасында «Басталар әр қадамың аттауменен, жол жүру ережесін сақтауменен» тақырыбында, жолда жүру ережесі мен қауіпсіздік жайында хабардар болу үшін сынып сағаттары өтілді.