25
ақпан
2021
"Берекелі шаңырақ" ата - аналар қоғамдық кеңесінің "Бала тәрбиесі - ұлт болашағы" тақырыбында І-ші отырысы
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектебінде "Берекелі шаңырақ" ата - аналар қоғамдық кеңесінің "Бала тәрбиесі - ұлт болашағы" тақырыбында І-ші отырысы өткізілді. Отырысқа әкелер кеңесінің төрағасы Қ. Анаров, аналар кеңесінің мүшесі Д. Дауелова, қамқоршылық кеңесінің мүшелері Н. Жомартова, Н. Жұмағұлов қатысты. Жиынды мектеп директоры Н. Койшиманова ашып, мектептегі қоғамдық кеңестердің бірлесе отырып жұмыс жүргізілетінін, даулы жағдайларды бірге бейбіт жолмен шешуге болатындығын айтып өтті. Директордың тәрбие ісі орынбасары Р. Бабижанова "Берекелі шаңырақ" ережесімен таныстырып өтсе, директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев отбасы тәрбиесі мен білім алушылардың әлеуметтенуі, оларға қауіпсіз орта құру туралы мәлімет беріп өтті . Психолог Ж. Черембаева "Өрмекші тор" тақырыбында тренинг өткізіп, пайдалы кеңес берді. Отырыс соңында кеңес мүшелері өз ойларын ортаға салып, өскелең ұрпақтың бойына тәрбие құндылықтарын бірлесе сіңіре отырып, іс - шараларды жүргізу керектігін мәлімдеді.