21
желтоқсан
2020
Б.Момышұлының 110 жылдығына орай «Асқар тауым-тірегім» қашықтан өткізілген байқау
2020 жылдың 21- желтоқсан күні облыстық ата-аналар кеңесінің төрағасы Р. Нұрақбаев пен білім басқармасының тәрбие бөлімінің басшысы Г. Дәрібаеваның жетекшілігімен әдістемелік оқу кабинетінде ата-аналар кеңесінің жылдық жұмысына қорытынды жасалып, семинар-практикум өткізілді. Жиында білім басқармасының басшысының орынбасары Ж. Бекбатырова бала тәрбиесі басты назардан тыс қалмай, ата-аналар белсенділігін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау мен ұрпақ тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығына ерекше тоқталды. Тараз қаласы мен аудандық ата-аналар кеңесі төрағалары жұмыстарының әдіс-тәсілдері бойынша ұсыныстар беріп, олардың жүзеге асыру бойынша талқылау жүргізді. Облыстың әлеуметтік дамуына үлес қосып, жас ұрпақ тәрбиесіндегі ата-аналар тарапынан атқарылған жұмыстары үшін аудандық кеңес төрағаларына облыс әкімшілігі тарапынан алғыс жарияланды.
Жиын соңында Б.Момышұлының 110 жылдығына орай «Асқар тауым-тірегім» қашықтан өткізілген байқау қорытындысы жарияланып, Меркі ауданы №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясынан Жұмағуловтар отбасы жүлделі І орынмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!