03
наурыз
2020
Ата-аналар мен білім алушыларға вирустық аурулардың таралуының алдын алу бойынша ақпараттық материалдарды түсіндіру жұмыстары
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 27.02.2020 жылғы №21-31-14-12/716-И хатына сәйкес ата-аналар, білім алушылар ға вирустық аурулардың таралуының алдын алу бойынша ақпараттық материалдарды басшылыққа ала отырып, ағымдағы жылдың 3 наурыз күні түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Вирусты инфекцияның, коронавирустык инфекцияның алдын алу, күдікті кездегі іс әрекеттер туралы ақпарат беріліп, санитарлық талаптардың қатаң орындалатыны ескертілді. Мектепте вирустык аурулардың,оның ішінде коронавирустык инфекцияның алдын алу бойынша мектеп әкімшілігі ҚР ДСМ 11.09.2013ж.№466 бұйрығы негізінде іс- шаралар жоспары құрылатынын айтты.