18
наурыз
2019
2019 жылдың 24 ақпан- 24 наурыз аралығында "Туберкулез ауруының алдын алу" айлығы
2019 жылдың 24 ақпан- 24 наурыз аралығында "Туберкулез ауруының алдын алу" айлығы аясында мектепте 18 наурыз күні ата-аналар мен 7-11 білім алушылар үшін "Екпенің маңыздылығы-туберкулезге қарсы сақтандыру шаралары" тақырыбындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Туберкулездің ауруын алдын алу, денсаулықты сақтау және нығайту, белсенді ұзақ өмір сүруді сақтау салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру мақсатында АОЕ фтизиатр дәрігері Г.Айнаева, ЖДО жетекшісі Х.Адешова мен ҚДСБ бас маманы Н.Амангелдиева ақпараттық сессия жүргізіп, ата-аналар сауалдарына жауап берді. Мектептегі медициналық қызметкер А.Келіскен білім алушылардың дайындаған қабырға газеттеріне белсенді ықпал етіп, әлеуметтік мәселені шешу жолдары туралы айтты.