«Жарқыра Қазақстан, Жарқыра Туған жер!» атты жаңа жылдық мерекесі қарсаңында өткізілген кезектен тыс ата-аналар жиналысы
«Жарқыра Қазақстан, Жарқыра Туған жер!» атты жаңа жылдық мерекесі қарсаңында өткізілген кезектен тыс ата-аналар жиналысы туралы
22.12.2018ж.
ДҚТЖО Ғ.Айтбаев, АӘД мұғалімі Е.Қазыбаев және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 22 желтоқсан күні 1-11 сынып алушылардың ата-аналарымен кезектен тыс жиналыс өткізіліп: ашық мұз айдындарында сырғанау кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау, мереке және қысқы демалыс күндері оқушылардың жолда жүру ережелерін қатаң сақтауы ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жаңа жыл мерекесін өткізу туралы әр сынып жетекшісі сол сынып ата-аналар комитетінің қатысуымен ұйымдастыру жоспарларын жасады. Жасыл шыршаның безендірілуі электр, жылу жүйелерінің талапқа сай келу, мектепшілік тазалық, өрт қауіпсіздігі мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Б.Кененбаевқа тапсырылды. Жаңа жылдық шырша өткізілу барысында ешқандай жанатын, атылатын заттар қолдануға болмайтынын, электр жүйесінің тексерілуден өтіп, электр шамдарға ойыншық, шарлар ілінбеу электрик С.Сәндиевке жүктелді. Сынып жетекшілер және жалпы қызметкерлерге өрт кезіндегі іс-қимылдарын,әрекеттерінің білуіне басты назар аударылып, мереке өтетін орындарды безендіру кезінде синтетикалық, тез жанғыш материалдарды және фейерверк, пиротехникалық бұйымдарды, басқа да жарықтық өртке қауіпті бұйымдарды қолдануына тыйым салынатыны ескертілді. 1-11 сынып оқушылар мерекелік қойылымдар мен жаңа жылдық ән, билерін дайындау үстінде, сондай-ақ ертеңгілік барысында мен өлең шумақтарын айтуын қадағалау музыка жетекшісі Д.Ақжол мен сынып жетекшілерге табысталды. Сондай-ақ Аяз ата жаңа жылды жаңа шырша жанында қарсы алу қай елден шыққанын сұрап, жаңа жыл мерекесіне ертегі кейіпкерлерін шақырып, тақырыптық әндер мен көріністер «Жарқыра Қазақстан, Жарқыра Туған жер!» тақырыбы аясында қойылып, ата-аналар белсенді қатысуын қамтамасыз ету қажеттілігі айтылды.