№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді оқыту және құрметтеу күніне байланысты өткізілген іс – шара
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер» күніне орай 2018 жылы маусымның 4-ті күні сағат 900- да мектеп алаңында жазғы сауықтыру лагерь балаларының жиыны болып өтті. Лагерь басшысы Садирмекова Гульбаршын «Туған жерім-тал бесігім шығармашылық күні аталатыны хабарлап, өтілетін іс- шаралармен таныстырып өтті.
1.Барлық топ жетекшілеріне «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай – ақ Қ.Р. Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесі » түралы топтық жарыс өткізу тапсырылды.Оқушылар мемлекеттік рәміздерге толық сипаттама беріп, мән – мазмұнын ашып, танымдық сұрақтарға жауап берді. «Достық» тобының жетекшісі Ермаханбетова Шынардың ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» атты акция болып өтті. «Балдәурен» топ жетекшісі Асанкулова Ақбота «Рәміздер не үшін керек?» тақырыбындағы пікірталасты өте тартымды өткізе білді.Оқушылар жалпы мемлекетке, әр адам үшін рәміздердің қажеттілігін, маңыздылығын айтып, өз пікірлерін ортаға салды.
2.Сағат 1100 – да мектептің алқа залында Қ.Р. мемлекеттік Гимні орындалды. Лагерь басшысы Садирмекова Гульбаршын Ш. Ниязбеков, Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков,Ж. Нәжімеденов,Н. Назарбаев Ш. Қалдаяқов сынды ұлы тұлғалардың арқасында біздің Қазақстан Республикасының рәміздері дүниеге келгені туралы айтып өтті. Ән –күй жетекшісі Ақжол Досханның ұйымдастыруымен ««Елбасымен еңселі, туымен тұғырлы» атты шағын концерт өтті . Концерт барысында «Егемен Қазақстан», «Отан», «Жаса мәңгі, Қазақстан!» әндері нақышына келтіріліп айтылды. Ермаханбетова Шынардың ұйымдастыруымен «Туған жерім, тал бесігім» мәнерлеп өлеңдер оқу, Патриоттық әндер байқауы болды. Оқушылар Отан, туған жер, туған ел тақырыбында өлеңдер оқып, патриоттық әндермен ұласты.Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан –менің Отаным, оның мен үшін жауапты, мен де ол үшін жауаптымын» деген сияқты қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей болған жөн екенін сезіне білді.
3. «Қазақ халқының асыл мұрасы» тақырыбында мектеп кітапханасында шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Кітапханашы Маделиева Гульнур Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен таныстырып, оқушылардың өз Отанының патриоттары болатынына сенімін білдірді.
4.Бағдарлы топ жетекшісі Бралиева Алтынайдың ұйымдастыруымен «Менің Отаным» тақырыбында сурет көрмесі болып өтті. Оқушылар туған жерге деген суйіспеншіліктерін, ішкі сезімдерін, қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, шығармашылықтарын шыңдай түсті.