№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген іс-шара
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектепте «Айгөлек» жазғы лагерь ашылуы, салтанатты жиынды мектеп директоры Н. Койшиманова құттықтау сөзімен бастап, мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде балалардың денсаулығын нығайтып, әртүрлі іс-шаралар арқылы ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамытып, оқушыларды үздіксіз еңбектенуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеп, спорттық ойындар арқылы салауатты өмір салтын ұстануға ықпал ететін тәрбиешілер мен үйірме жетекшілеріне сәттілік тіледі. Салтанатты жиында ДТЖО Р.Бабижанова жаз мезгілінде оқушылардың бос уақыты мен қызығушылығы бойынша клубтар, үйірмелерге қамтылуы туралы мәлімет берді және мектеп жанындағы «Айгөлек» атты лагерь басшысы Г.Садирмекова жоспарланған іс-шаралар мен мақсат, міндеттерімен таныстырды. «Достық» топ жетекшісі Ш.Ермаханбетова мен ән-күй пәні мұғалімі Д.Ақжол ұйымдастыруымен «Астана-Отанымның жүрегі» мерекелік концерті өткізілді. Тәуелсіздік, достық, бейбітшілік, татулық пен бақыт туралы өлеңдер арқылы жүргізушілер өз бағдарламасын көпшілікке таныстырып, дәстүрлі шаттық шеңберімен бастады. «Егемен ел
Қазақстан», «Мектебім», «Жаяу», «Қазақ жастары» әндері көпшіліктің көңілінен шығып, көрермендер ықыласына ие болды. Сондай-ақ 1-ші сынып оқушыларының көңілді, ырғақты «Кукарела» атты биі өте тартымды орындалды. Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына тарту ретінде «Достық» тобының «Астана» флешмоб биі, Үнді биі балалардың өнерге деген құштарлығын, ән айту мен ұлттық би билеу қабілеттерін арттыра білді.
Оқушылардың көрсеткен өнерлерін бағалап, ата-аналар тарапынан демеушілер сыйлықтар тапсырды. 4 а сынып жетекшісі Г.Даулетова өзінің оқушысы жайсыз отбасынан шыққан Ислам Лесбекке , аз қамтылған отбасынан шыққан 2 ә сынып оқушысы Еренбай Аялаға шағын сыйлықтар табыс етті.
«Бақытты балалық шақ» атты асфальтқа сурет салу байқауы бойынша 4-7 сынып оқушыларынан 46 бала қатысып, өз қиялындағы бейнелер, табиғат көрінісі, ауылдың тіршілігі, болашақтағы мектеп, әлем туралы жалпы көріністертерін көрсете білді. Нәтижесінде «Толағай», «Қызғалдақ» топтары жүлделі орындарға ие болып, оларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.Ермұханов «Көңілді старт» жарысын ұйымдастырып, балалардың көңілін, жеңіске деген құлшыныс пен қайраттылықты бала бойына дарыта білді.
Оқушыларға сахна мәдениеті мен театр өнеріне бейімдеу, жас таланттарды анықтау мақсатында «Жас тілші» бағдарлы топ жетекшісі
Ф Асубаева мен Даулетова А. «Ертегілер әлемінде» атты сахналық қойылым ұйымдастырды. Оқушылардың сахнаға, рөлге еніп сомдай білуі, мәнерлеп оқу бейімділіктері анықталып, театр өнеріне деген қызығушылықтары арта түсті.