№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы бойынша есебіне анықтама
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы бойынша есебіне анықтама
01.11.2018ж.
Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселеленің маңызы бар, себебі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасады, ал тағам-бұл қажетті қуат пен заттектектердің алынатын жалғыз қайнар көзі. Мектепте 2018 жылдың 28 тамызындағы №136 бұйрығына сәйкес жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында 7 адамнан тұратын комиссия құрылған. Комиссия мүшелері аптасына 1 рет тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің (азық-туліктің) сапасына және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын қадағалау мақсатында бүгінгі таңда 8 рет рейдтік іс-шаралар жүргізген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылдың 16 тамызындағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы №611 бұйрығы негізінде медбике А.Қуанышова асханадағы ыстық тамақ бірілетін күн сайын ағымдағы жылдың қыркүйектің 12-е дейін бракераж журналына жазу арқылы тағамның сапасына органалептикалық бағалау жүргізсе, бұл жұмысты ары қарай жалғастыру әлеуеметтік педагог М.Алденбаеваға жүктелген. Мектепте 1-11 сынып оқушыларынан 41 бала(оның 21-сы аз қамтамасыз 1-4 сынып оқушылары және 5-11 сынып оқушыларынан 20-і аз қамтамасыз етілген отбасы балалары) мектепте бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Мектеп оқушыларының тамақтану мәзірі, тамақтану ұзақтығы дұрыс жолға қойылған. Мектепте 41 аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан бала 13 күн қыркүйек айының 12-28 күндері, 20 күн қазан айының 1-26 күндері аралығында тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілді.
2018 жылғы қазан айының 21-30 аралығындағы күндері тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерінің мектепте оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақты қамтамасыз етуін және басқа да рәсімделген құжаттары тексерілді. Алайда, асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы бойынша бірқатар ескертулер берілді. Тексеру барысында комиссия мүшелері мектеп әкімшілігінің , мұғалімдердің және кіші қызметкерлердің асханада кезекшілік ету жұмысы жүргізілгенімен кезекшілік кестесі ауыстыруға байланысты ілінбіген.
Сонымен қатар «Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар дәптердің» жүргізілуі тексерілді.Бұл дәптердің жүргізілуі дұрыс жолға қойылған, рейдтер уақытылы жүргізілген. «Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеріліп, ас үйде 8 үстел,32 орындық, 2 қол жуғыш талапқа сай қойылған, алайда гигиеналық талаптар сақталмаған: суы жоқ, қол сүртетін қағаздары болмай шығып, ескертуден кейін қойылды. Тексеру барысында қоймалық бөлмелерде шикі азық-түліктердің сапасын бақылау журналы арналмаған, сонымен қатар қант, тұз т.б. пластмасса ыдыста тұруға болмайтыны үнемі ескертілетін болғандықтан, ондай олқылықтар орын алған жоқ. Бір күндік тамақ сынамасы тоңазытқышта тәулік бойы сақталғаны, ас мәзірінде тамақтың әр түрлі болуы мен дайындалу технологиясын қатаң қадағаланатыны айтылды.Мектепте оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақты қамтамасыз етуін, әр балаға ыдыстардың жеткілікті талапқа сай екені тексерілді. Асхана қызметшілері шеті сынған, жарылған ыдыстарды оқушылар үшін қолдануға тыйым салынатыны туралы біледі және қолданыста жоқ екені анықталды. Тексеру барысында тамақтан уланудың алдын алу мақсатында балалар тамағына қолдануға тыйым салынатын: пастерленбеген сүт, қаймақ, майға қуырылған бәліш, тоқаштар, майонез қосылған салаттар, газды сусындар, чипстер, кептірілген нан т.б. өнімдерін мектеп асханасына мүлде қолдануға болмайтыны ескертілді.