Қамқоршылық кеңес отырыстарының хаттамалары 2017-2018 оқу жылы
№5 Ақарал орта мектебі
Қамқоршылық кеңес отырысына
хаттама № 1 (көшірмесі)
29.08.2017ж.
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі,
9 қамқоршылық кеңесінің мүшелері
Қатыспағаны: жоқ.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> 2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру;
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуы;
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> Материалдық көмекке мұқтаж оқушыларды анықтау;
<!-- [if !supportLists] --> 4. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне 2017-2018 оқу жылында 2,5 және 7 сынып оқушыларының жаңартылған білім мазмұнына сай бес күндік аптаны енгізуін жүзеге асыруға бағытталған іс-шарамен таныстыру;
<!-- [if !supportLists] --> 5. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық қағидаларын бекіту туралы №179 бұйрығы негізінде енуін талқылау;
Тыңдалды:
- Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г. Утепова Қамқоршылық кеңес мүшелері 9 адамнан құралады деп, оларды атап өтті, М. Алденбаева (әлеуметтік педагог) - хатшы, И. Төленов (шекарашы қызметкері) – ревизиялық комиссия төрағасы , мүшелері:Н. Жомартова (Ақарал ауылдық округінің хатшысы), Ғ. Бөрібаев (ата-ана қоғамдық кеңесінің төрағасы), Т. Бекасилов (ақсақалдар алқасының төрағасы), А. Акылжанов (учаскелік полиция инспекторы), \С. Балғынбаев («Ақжол» ш/қ төрағасы) , С. Ниязова (жеке кәсіпкер). Сондай – ақ Қамқоршылық кеңесінің жылдық жоспарымен де таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңес міндетінің бірі – мектепке демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту болып табылады. Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерінің қызмет тиімділігі– бұл бюджеттен тыс қаржыны тартудың тиімді, заңдылықты сауатты инструменті ғана емес, сонымен қатар, мектепке, педагогикалық ұжымға және оқушыларға көмек көрсетудің ең тиімді тәсілі, - деп сөзін аяқтады.
- Екінші мәселе бойынша, Қамқоршылық кеңес мүшесі Н. Жомартова өз сөзінде «Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 01.08.2017 жылғы «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы №03-3213 хатына сәйкес. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы өткізілді. Биылғы жылы акция әлеуметтік бағыттағы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты ұранмен өтіп жатыр. Осы ауқымды іс-шараға бұйрық шығарылып, жоспары бекітілді. Бұл акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы халықта ақпараттандыру, ауылымыздың көпшілік жерлеріне үндеу хаттар түрінде бұрыштар құрылып, шаруашылық қожалықтар мен ұйымдарға осы акцияға қатысу туралы үндеу шығарылып, таратылғандығы туралы айтты.
- Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, әлеуметтік педагог А. Конурбаев сөзінде жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында рейд жүргізілді. Ең бірінші жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға барып, қай баласы неге мұқтаж екендігін бақылап, содан кейін басқа да үйлерді араладық. Барлығына оқу құралдары, мектеп формасы, спорттық киімдері мен аяқ киімдер керектігі анықталды.
- Төртінші мәселе бойынша, мектеп директоры Н. Койшиманова «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» туралы сөз қозғады. Биылғы жаңа оқу жылындағы республика бойынша 2,5 және 7 сынып оқушыларының жаңартылған білім мазмұнына сай бес күндік оқу жүйесін аптаға енгізуін және көшетінін айтты. Аталған сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктіліктерін арттыру курстарынан өткендігін баяндады. Ендігі кезекте бес күндік оқу аптасы туралы шешімді мектеп әкімшілігі Қамқоршылық кеңес мүшелерімен ата – аналар қоғамдық кеңес мүшелерімен келісе отырып қабылдайтынын айтты. Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнына жылдам серпіліс беріп, өзгерісті қажет ететінін айтып өтті.
- Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша ДОЖО А. Кикабаева Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Білім беру объектілеріне қойылатын талаптар санитарлық – эпидемиологиялық талаптар санитарлық қағидаларын бекіту туралы №179 бұйрығы негізінде өзгерістер енгізілгендігін, сонымен қатар 127 – бабының тұжырымының өзгертілгендігін ерекше айтып өтті. 2017-2018 оқу жылынан бастап барлық білім ұйымдары 5 күндік оқу аптасына көшеді. Сабақтың ұзақтығы 40 минуттан болатынын, 1-ші сыныптарға үй тапсырмасы берілмейтіндігі, қоңырау ұзақтығы 5 минут және 2,3 сабақтан кейін 30 минут немесе қалауынша 15 минуттан екі мәрте жасауға болатындығын түсіндірді.
Шешімі:
1.Қамқоршылық кеңес жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіліп, жандандырылсын;
2.«Мектепке жол» акциясы қарсаңында аз қамтылған, жартылай жетім және көпбалалы отбасынан шыққа оқушыларға көмек көрсету үшін демеушілермен жақын қарым – қатынас орнатылсын;
3.Жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында рейд жұмысы жандандырылсын;
4.Мектепте 2017-2018 жаңа оқу жылында 2,5 және 7 сынып оқушыларының жаңартылған білім мазмұнына енгізуін жүзеге асырылатын, осыған бағытталған іс-шаралар ата-ана қолдауымен орындалсын;
5.Сабақтың басталуы 8.00 де І ауысым және 13.35 те ІІ ауысым оқушыларына арналып, ұзақтығы 40 минут сабақ арасындағы үзіліс 5 минут және 2-4 сабақтардан кейін 15 минуттан болып бекітілсін. «Білім беру объектілеріне қойылатын талаптар санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы №179 бұйрығы негізінде өзгерістер енгізілсін;
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Г. Утепова
Хатшы: М. Алденбаева
Мүшелері: И. Төленов
Н. Жомартова
Ғ. Бөрібаев
Т. Бекасилов
А. Акылжанов
С. Балғынбаев
С. Ниязова
Ғ. Жұмағұлова
№5 Ақарал орта мектебі
Қамқоршылық кеңес отырысына
хаттама № 2 (көшірмесі)
22.12.2017ж.
Қатысқандар: ДТЖО: Р. Бабижанова, кітапханашы: Г. Маделиева
Әлеуметтік педагог: А. Конурбаев
9 қамқоршылық кеңесінің мүшелері
Қатыспағаны: жоқ.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Мектеп кітапханасының жағдайы;
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> «Мектепке жол», «Қамқорлық» қайырымдылық акцияларының қорытындысы
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> 2017-2018 оқу жылында мемлекеттік бюджеттен тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан отбасына берілген қаржының таратылуы туралы;
<!-- [if !supportLists] --> 4. <!-- [endif] --> Аз қамтылған оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы;
Тыңдалды:
- Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп кітапханашысы Г. Маделиева сөз алды. Бізде мектепте жалпы кітаптар саны -10397, оқырмандар саны - 460 оқушы. Кітапханамызға оқушылар 15 минуттық үзілістерде келіп жатады, әсіресе бастауыш сынып оқушыларымен орта буындағы оқушылар. Олар ертегі кітаптар көп сұрайды, жоғарғы буындағы оқушылар елбасымыздың 12 сәуір 2017 жылы шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай өзіміздің ұлттық салт – дәстүрімізді, тарихымызды, тілімізді, мәдениетімізді тереңірек білу үшін көптеген кітаптар сұрап келеді. Әрине бұл қуантарлық жағдай. Оқулықтарға келсек, барлық оқулық жеткілікті, біз кітаптарды сынып – сыныпқа бөлеген кезде, бірінші сол сыныптағы жартылай жетім, тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға беруін қадағалаймыз. Сондай – ақ 2,5 және 7 сынып оқулықтары да жеткілікті екендігін айтты.
- Екінші мәселе бойынша ревизиялық комиссия төрағасы И. Төленов өз сөзінде: Балалардың толық оқуға қамтылуын, оқу құралдары мен қамтамасыз ету мақсатында «Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 01.08.2017 жылғы «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы №03-3213 хатына сәйкес «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы өткізілді. Биылғы жылы акция әлеуметтік бағыттағы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты ұранмен өтті. Мүмкіндігінше қол ұшын беріп, түсіністікпен қараған әлеуметтік меценаттар өз көмектерін көрсетті. Тамыз айында «Меркі тынысы» газетіне «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» тақырыбында мақала жарық көрді. Мектебіміздегі тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған, жартылай жетім, көпбалалы отбасы балаларына мектепке қажетті оқу құралдары, мектеп формасы, спорттық киім мен туфлилерін алып беріп демеушілік жасады. Жалпы мектеп бойынша акция кезінде 35 оқушыға 510 000 (бес жүз он мың) теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 04.08.2017 жылғы №343бұйрығы, ауданның елді мекендеріндегі 0 – 18 жастағы балалар мен жасөспірімдердің есебін жүргізу және кәмелетке толмағандардың тегін жалпы орта білімді алуға арналған конституциялық құқығын іске асыру мақсатында 2017 жылғы 15 тамыз – 15 қыркүйек аралығында жалпы оқу және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы бойынша № 5 Ақарал орта мектебінде айлық жарияланып, іс – шаралар жоспары құрылып, жұмыс жүргізілді.Жалпыға бірдей оқумен қамту және «Қамқорлық» акциясы кезінде көп балалы, аз қамтылған, жайсыз отасынан шыққан 11 оқушыға 108000 (жүз сегіз мың) теңгеге мектепке қажетті оқу құралдары мен мектеп формасы алынып берілгенін айтты.
- Үшінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог А. Конурбаев 2017-2018 оқу жылында мемлекеттік бюджеттен тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан Г. Бексыргаеваның балалары 11 ә сынып оқушысы С. Берікбаева мен 8 ә сынып оқушысы Ә. Бексыргаев және Б. Уразбаеваның балалары 8 ә сынып оқушысы А. Маралова мен 2 ә сынып оқушысы А. Еренбай, әр баласына15000 (он бес мың) теңгеден әр отбасына 30000 (отыз мың) теңге көлемінде шоттарына ақша түсті. Сол берілген ақшаны алып, ата – анасымен бірге базарға барып, балаларына қысқа қажетті қыстық сырт киімдер, спорттық аяқ киім мен қысқы етіктерін алып бергенін айтты.
-Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша ДОЖО: Р. Бабижанова мектеп оқушыларының жекелеген санатттары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушылар туралы айтты. Мектепте екі отбасынан төрт оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Және белгілі бір себептермен ыстық тамақ беру кезіндле келмей қалған жағдайда, орнына «Д» есебінде тұрған оқушылар қамтылатынын ескертті. Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері асханадағы тазалық, ыстық тамақ берудің тәртібі, микі азық – түліктің сақталуы және т.б жұмыстар бойынша рейдтік іс – шаралар жүргізілетінін айтып өтті.
Шешімі:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Кітапханадағы Елбасымыздың «Болашаққ бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына байланысты жасалған жұмыстар одан әрі жандандырылсын;
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Жалпы республикалық «Мектепке жол», «Қамқорлық» қайырымдылық акцияларынан түскен қаржының жұмсалуы қанағаттанарлық деп танылсын;
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> Тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған отбасына мемлекеттік бюджеттен берілген қаржының жұмсалуы қанағаттанарлық;
<!-- [if !supportLists] --> 4. <!-- [endif] --> Мектепте тегін бір мезгіл ыстық тамақпен төрт білім алушы ның тамақтануын уақытылы бақыланып отырсын;
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Г. Утепова
Хатшы: М. Алденбаева
Мүшелері: И. Төленов
Н. Жомартова
Ғ. Бөрібаев
Т. Бекасилов
А. Акылжанов
С. Балғынбаев
С. Ниязова
Ғ. Жұмағұлова
№5 Ақарал орта мектебі
Қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысына
хаттама №3 (көшірмесі)
27.12.2017ж.
Қатысқандар: мектеп директоры Н. Койшиманова,
9 қамқоршылық кеңес мүшелері
Қатыспағаны: жоқ.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
<!-- [if !supportLists] --> - <!-- [endif] --> Мектеп директоры Н. Койшиманованың қамқоршылық кеңес жұмысына жүргізген есебі.
<!-- [if !supportLists] --> - <!-- [endif] --> «Тілектер шыршасының» ұйымдастырылуы
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Н. Койшиманова өз сөзінде«Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережеле