№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында оқушылардың ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру бойынша анықтама
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында оқушылардың ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру бойынша анықтама
05.09.2018 ж.
Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және бір мезгіл дұрыс тамақтануын ұйымдастыру мақсатында 2018 жылдың 26-шы тамызында «Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы құрылған. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №650 бұйрығына 6 қосымша, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының ерекшеліктерімен ата-аналар мен педагогикалық ұжымды таныстырып, қысқаша қажетті бөлімдер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2018-2019 оқу жылында 17 отбасы ата-аналарынан (жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша) өтініштері қаралды. Оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар саны 36, отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жоқ, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүрү деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар жоқ, 2 отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жасалған актқа сүйене отырып енгізілген балалар саны 5. Мектебіміздің тегін тамақтандыруды қаржыландыру аудандық білім бөлімінің тарапынан болғандықтан 2018 жылға мектебімізге барлығы 41 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалар саны бекітілген. Бүгінгі күнге дейін жоғарыда аталған 15 отбасының атаулы әлеуметтік көмек алатыныны, ал 2 отбасының 5 оқушының тұрмыс жағдайы зерделеніп, акт толтырылды.
Жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуына мониторинг комиссия мүшелерімен жүргізіледі. Мектеп асханасының санитарлық талаптарға сай болуын қадағалау медбике А.Қуанышоваға жүктелген.Асхананың санитарлық –гигиеналық жағдайын тексеру бойынша, ыстық тамақтың ұйымдастырылуы бойынша рәсімделетін құжаттарды жүргізу директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова қадағалайды.Мектепте оқушылардың тамақтандыруын ұйымдастыру бойынша 2018-2019 оқу жылына жылдық жоспар құрылған.
Мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерінің жұмыс кестесі құрылған: оның ішінде асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру бойынша акт толтыру, тамақтандыру бойынша комиссияның отырысына хаттамалар тіркеп отыру және мектеп әкімшілігінің асханада кезекшілік ету кестесі құрылған.Мектеп оқушыларының тамақтану мәзірі, тамақтану ұзақтығы дұрыс жолға қойылған.