Кезектен тыс директор жанындағы жиналыс
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы
Ақарал ауылы 22.11.2018ж
Кезектен тыс директор жанындағы жиналысына
Хаттама
Төрағалық етуші: мектеп директоры: Н.Койшиманова
Жиналысқа 47 мұғалім, 26 кіші қызметкер қатысты
Жиналыс ашылуын дауысқа салу
Жақтағандар-73
Қарсылар-жоқ
Қалыс қалғандар-жоқ
Күн тәртібінде:
<!-- [endif] --> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 21 қараша 2018 жылы «Ұлы даланың жеті қыры» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау
Тыңдалды:
Мектеп директоры Н.Койшиманова: «Н.Назарбаевтың 21 қараша 2018 жылы «Ұлы даланың жеті қыры» атты Жолдауда көп жобалар мен мәселелер көтерілгенін, сол жобаларды орындау елдің бірлігінде екенін айтты. 2017жылдың 12 сәуірінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарыққа шыққан. Осы биылғы Жолдауда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырумыз тиіс», деп өз сөзін нақтылады. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік беретінін айтты.
Тарих пәні мұғалімі Ғ.Қасымов: Еліміздің табысты болуының кепілі-
төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор, өткенін мақтан тұтып, бүгінгіні нақты бағалай білетін адамзат қана болашаққа оң көзқарас танытатынын айтты. Осы Жолдауда ерекше атап өтетін«Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» І бөлімінде 7 тарауда атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны- біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болуы, көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылғанын; Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасағаны туралы айтты. Сондай-ақ, көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертетіні тілге тиек етті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова: Мектепте тарихи құжатпен көпшілікті, халықты таныстырып, ондағы жоспарлаған іс-шараларды орындау мақсатында бес мүшеден тұратын ақпараттық насихаттау тобы құрылғанын, оның жетекшісі тарих пәні мұғалімі Ғ.Қасымов екенін таныстырды. Сондай-ақ, қараша айының 21-30 аралығында ата-аналарға, білім елушыларға түсіндіру жұмыстары өткізілетінін айтты.Білім алушыларға биылғы Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатында 1-11 сыныптар тәрбие сағаттарын, әңгіме, дөңгелек үстелдер, пікірталастар жыл бойы тақырыптық шығарма, сурет байқаулары жүргізілетінін тілге тиек етті. Бөлме меңгерушілері К. Калманбетова, Ғ.Айтбаев, Ғ.Қасымов, А.Уалиева, К.Темірбеков, Ш.Ермаханбетова, Г. Байбосынова т.б. Жолдауға байланысты арнайы бұрыштарына жаңалау жұмыстарын орындауды міндеттеді.
География пәні мұғалімі
С.Айжарықов: өз сөзінде біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен
бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты екенін айтты. Бұл
жұмысты Елбасы Н.Назарбаев Жолдауының «Тарихи
сананы жаңғырту» атты ІІ бөлімінде бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға
болады делінген. Бұл жобалар арқылы біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз
бен ел билеушілеріміз
тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем
бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар деп
ерекше атап өтті Ұлт көшбасшымыз, яғни біздің мақсатымыз осы бағытта
жұмыс жүргізіп, көпшілікті жұмылдыру, деп сөзін аяқтады.
Музыка пәні мұғалімі Д.Ақжол: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 21 қараша 2018 жылы «Ұлы даланың жеті қыры» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» аясында «Дала фольклорының антологиясы» жобасын жасау қажеттілігі туралы айтылған. Осы жоба негізінде жерлесіміз Б.Бәбіжан Меркі ауданының 90 жылдығына орай «Меркі өңірінің фольклоры» еңбегі нің ары қарай жалғасын табуға әрі дамытуға атсалысу қажеттілігін айтты.
Шешімі:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Ұлы даланың жеті қыры» атты Жолдауындағы негізгі жобалары талқыланып, одан туындаған міндеттерді жүзеге асыру іс – шара жоспары бекітіліп, жұмысы жандандырылсын.
Жиналыс төрайымы: Н.Койшиманова
Хатшы: Ф.Асубаева