23
қаңтар
2020
"Түтінсіз темекіні - снюсті қолданудың" салдары бойынша өткізілген акция
23.01.2020ж күні жедел респираторлы инфекция, тұмау, өкпе қабынуы ауруларының алдын алу және "Түтінсіз темекіні - снюсті қолданудың" салдары бойынша акция өткізілді. Акцияға 7-10 сынып оқушылары қатысты. Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасынан мамандар келіп, Ш. Адилбекова және С.Жетпісбаева тұмау, пневмония, снюстің адам ағзасына тигізетін қауіпті залалы туралы түсіндіріп өтті . Білім алушылар плакаттарын қорғап,флешмоб билеп, өз білімдері мен дағдыларын ортаға салды.