18
ақпан
2021
"Ана жылуы" тақырыбында ашық әңгіме алаңы
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясы 18.02.2021ж. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабижанованың, мектеп психологтары Р. Молдобекованың, Ж.Черембаеваның ұйымдастыруымен, Ақарал ауылдық емханасының акушері, "Аналар" клубының төрайымы М.Арыстанбаеваның, көп балалы аналардың, 9 - сынып қыз балалардың қатысуымен "Ана жылуы" тақырыбында ашық әңгіме алаңы өткізілді. Әңгіме барысында аналар қыз балаларға ұлағатты сөздер, кеңестер айтылды. М.Арыстанбаева білікті маман ретінде ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында қыз балалармен ашық әңгіме жүргізді. Содан кейін мектеп психологтары қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым - қатынас орнату мақсатында психологтар тренинг жүргізді. Тренинг барысында аналарға арналған "Қызықты сұрақтар" ойыны, "Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру", "Менің балам қандай?" ойынын жүргізіп, аудитория қатысушыларымен мотивациялық техниканы жүргізілді.