29
қаңтар
2021
11 "А", 11 "Ә" сынып білім алушылары мен тренинг
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында мектеп психологтары Р.Молдобекова, Ж.Черимбаева 11 "А", 11 "Ә" сынып білім алушылары мен тренинг жүргізді. Психолог Ж.Черимбаева "Танысу" жаттығуынан бастады білім алушылар өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерді сипаттай отырып, гүлді сағат бойымен бір - біріне ұсынды. Білім алушылардың арасындағы өзара қатынастың ахуалын жақсарту мақсатында "Өрмекші торы" жаттығуы өткізіліп келесі кезекте Психолог Р.Молдобекова "Сиқырлы кілт" жаттығуын қатысушылар арасындағы әр түрлі психологиялық және кеңістіктік кедергілерден еңсеру мақсатында жүргізіп, "Төрт шырақ" әңгімесін баяндап өз сөзін аяқтады. Тренинг соңында білім алушылар өз ойларын ортаға салып тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.