03
наурыз
2020
"Қазақстанның болашағы- салауатты жастар" ұранымен денсаулық сақтау қызметкерлерімен 8-11 сынып білім алушылары үшін семинар-тренинг
2020 жылдың 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында "Туберкулездің алдын алу" айлығы аясында N5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 03.03.2020 жылы "Қазақстанның болашағы- салауатты жастар" ұранымен денсаулық сақтау қызметкерлерімен 8-11 сынып білім алушылары үшін семинар-тренинг өткізілді. Меркі аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің маманы С. Жетпісбаева туберкулездің түрлері мен вирусты респираторлық аурулардың ауа арқылы жұғатынын, оның белгілері мен алдын алу шарттары, жөтел мен түшкіру әдебі туралы айтты. СӨС қалыптастыру орталығының меңгерушісі Х.Адешова білім алушыларды жеке гигиеналық ережелерді қатаң сақтап, дене шынықтырумен айналысуға шақырып, психолог А.Аликулова тренинг жүргізді.