14
қараша
2018
«Ынтымақты отбасы» тақырыбында танымдық отбасылық ата-аналармен бірлескен инттелектуалды сайыс
«Ақылды балаға- ақылшы ата-ана» атты онкүндікте 5 «Ә,Б» сынып білім алушыларымен 14.11.2018ж «Ынтымақты отбасы» тақырыбында танымдық отбасылық ата-аналармен бірлескен инттелектуалды сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата - ана тәрбиесінің әдіс – тәсілдерін, жетілдіре отырып, жағымды қарым – қатынас орнату. Сайысқа екі сыныптан 6 ата-ана қатысты. «Жас қыран» және «Ақ сұңқар» тобы болып екі топқа бөлінді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. «Қылқалам шебер» кезеңінде тапсырманы « Жас қыран» тобы алғырлық көрсетіп жеңіске жетті. Сайыс соңында білім алушылар мен ата-аналардан кері байланыс алынды.