07
қазан
2021
Ата-аналар жиналысы
5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 7 қазан күні аудандық білім бөлімі басшысының жанындағы кеңес отырысында берілген тапсырманы орындау мақсатында Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен, мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты мектеп директоры Н. Койшиманова ашып, күн тәртібіндегі мәселермен таныстырып өтті. Өз сөзінде мектептің ішкі тәртібі туралы, соның ішінде балалардың қауіпсіздігі, мектептің ішкі ережесі, саналы тәрбие мен сапалы білім, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы айтып өтті. Келесі кезекті директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстары, жасөспірімдің түнгі беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуі, сонымен қатар күндізгі уақытта көңіл көтеретін орындарда сыныптастарымен туған күн тойлауына қатаң тыйым салынатыны , жасөспірімдер арасында электронды темекіні қауіптілігі мен оның алдын алу жұмыстары, ауылдық аймақтарға, соның ішінде мешітке рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатқандығы туралы айтып өтті. Келесі сөзді директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Л. Абишева алып, өз сөзінде: мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы мен бірлігі жарасып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнағанда, дұрыс жолмен берілген тәрбие мен білім алғанда ғана тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын айтып өтті. Жиналыс соңында ата-аналар өздерінің тараптарынан әр түрлі ұсыныстар мен пікірлер айтып, сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.