05
қазан
2021
Меркі АПБ бастығының орынбасары Т. Сейтжан пен ЖПҚБ УПИ полиция майоры А. Даулетовтың қатысуымен 7-9 сынып білім алушылары арасында кездесу
2021 жылы 5 қазан күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Меркі АПБ бастығының орынбасары Т. Сейтжан пен ЖПҚБ УПИ полиция майоры А. Даулетовтың қатысуымен 7-9 сынып білім алушылары арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында білім алушыларға құқықтық сананың негізгі ережелері, түнгі мезгілде бей-берекет жүрмеуі, зиянды заттар, соның ішінде электронды темекіні пайдаланбау, жол ережесі, қауіпсіздік шаралары, бөтеннің мүлкіне қол сұғуға болмайтындығы, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары мен оның заң алдындағы жауапкершілігі туралы ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.