Оқушыларға » Страница 3 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
2-4 сынып оқушыларына арналған республикалық “БАСТАУ” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
17
ақпан
2026
2-4 сынып оқушыларына арналған республикалық “БАСТАУ” математикалық
2-4 сынып оқушыларына арналған республикалық “БАСТАУ” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде командалық есеп бойынша N5 Ақарал ЖОББМГ “Алғырлар” командасы бақ сынап,  ІІІ орынға ие болды. Жекелей сында 4 “А” сынып оқушысы Нұржан Бинұр ІІ орын, 3 “А” сынып  оқушысы Данияр Айлин ІІІ орынға ие болды.  Жас математиктерді шын жүректен құттықтаймыз! 
Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы аясында өткен «Асық ату» жарысы
16
ақпан
2026
Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы аясында өткен «Асық ату» жарысы
Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы аясында өткен «Асық ату» жарысында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы оқушылары тамаша нәтиже көрсетті. 5–6 сынып оқушылары мен 9–11 сынып оқушыларынан құралған құрама командалар жоғары дайындық пен шеберліктің арқасында І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл – оқушылардың ұлттық спортқа деген қызығушылығы мен табанды еңбегінің нәтижесі. Жеңімпаздарға алдағы облыстық жарыста сәттілік тілейміз!
ҰБТ нәтижелері бойынша ата-аналармен жиналыс
12
ақпан
2026
ҰБТ нәтижелері бойынша ата-аналармен жиналыс
2026 жылдың 12 қаңтар күні 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен ҰБТ қорытындысын талдау мақсатында пән мұғалімдерімен бірлескен жиналыс өткізілді. Жиналыста оқушылардың ҰБТ нәтижелері пәндер бойынша талданып, білім деңгейіндегі олқылықтар анықталды. Төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу, қосымша сабақтар ұйымдастыру және ата-аналармен өзара байланысты күшейту туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
9–11 сынып оқушылары арасында  «Хулиганка» қысқаметражды көркем фильмі
11
ақпан
2026
9–11 сынып оқушылары арасында «Хулиганка» қысқаметражды көркем фильмі
11.02. 2026 ж  №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында  9–11 сынып оқушылары арасында  «Хулиганка» қысқаметражды көркем фильмін көру ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — агрессия көріністеріне, буллингке және психологиялық қысымға зорлық-зомбылыққа  төзбеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;  зорлық-зомбылық әрекеттерінің психологиялық және әлеуметтік салдарын тереңірек түсіндіру; қорлауға (буллингке) нөлдік төзімділікті қалыптастыру. Фильм көрсетілімінен кейін оқушылар
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Есіңе мені алғайсың» атты сазды кеш аясында «Менімен егіз бе едің» өлеңінен мәнерлеп оқу байқауы
09
ақпан
2026
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған
09.02.2026 ж Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Есіңе мені алғайсың» атты сазды кеш аясында «Менімен егіз бе едің» өлеңінен мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Аталған мәдени-танымдық шара №9 кәсіптік колледжінде ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіптік білім беруді насихаттау, білім алушылардың кәсіптік білімге деген қызығушылығын арттыру, жас ұрпақтың рухани-мәдени дүниетанымын кеңейту және поэзияға сүйіспеншілігін қалыптастыру. Аталған байқауда №5 Ақарал
Astana Techcup - Fibonacci жарысы
08
ақпан
2026
Astana Techcup - Fibonacci жарысы
2026 жылдың 7-8 ақпан күндері Астана қаласында Л. Гумилев атындағы Ұлттық университетте өткен Astana Techcup - Fibonacci жарысында Меркі ауданы білім бөліміне қарасты №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының робототехника үйірмесінің 4-ші сынып білім алушылары  жүлделі орындарға ие болды! II орын ДИПЛОМ - FootBot   mbot  категориясы бойынша 6-10 жас аралығында Дүйсен Рауан, Исмаилов Архат марапатталды. Құттықтаймыз!!! Жетекшісі: Еркебаев Олжас Асылбекович
Ұлттық мектеп лигасы" бағдарламасы аясында аудан мектептерінің 7-8 және 9-11 сынып білім алушылары арасында "Тоғызқұмалақ" жарысы
05
ақпан
2026
Ұлттық мектеп лигасы" бағдарламасы аясында аудан мектептерінің 7-8
04-05.02.2026ж. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Меркі ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұлттық мектеп лигасы" бағдарламасы аясында аудан мектептерінің 7-8 және 9-11 сынып білім алушылары арасында "Тоғызқұмалақ" жарысы өткізіліп, біздің мектептің құрама командалары жүлделі І және ІІ орындарға ие болды. "Тоғызқұмалақ" үйірме қатысушылары, 7а мен 8а сынып  оқушылары Марат Алижан, Марат Асылжан, Болатбек Бағнұр мен Жаңабай Әнелім облыстық кезеңге жолдама алды.Құттықтаймыз!!!
«Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ-ның білім беру ұйымдарында 11 сынып білім алушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары
04
ақпан
2026
«Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ-ның білім беру
№5 Ақарал жалпы орта  білім беретін мектеп-гимназиясында 2026 жылы  қаңтар айында  «Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ-ның білім беру ұйымдарында 11 сынып білім алушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.  ALT университеті (Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT University) — Қазақстандағы жекеменшік жоғары оқу орны. Ол көлік, коммуникация, логистика, экономика және техника салаларында мамандар дайындайды. ALT университетінде оқу келесі деңгейлерде жүргізіледі:  Бакалавриат -
удандық мектеп оқушылары арасында өткен шахмат турнирі
03
ақпан
2026
удандық мектеп оқушылары арасында өткен шахмат турнирі
Аудандық мектеп оқушылары арасында өткен шахмат турнирінде 5-6 сынып ұлдар арасында жоғары спорттық шеберлігімен №5 Ақарал ЖОББМГ 6 сынып білім алушысы Қылшабай Әмірхан ойынға қатысып,турнир барысында стратегиялық ойлау қабілетімен, төзімділігімен және ерекше тактикалық шешімдерімен көзге түсіп, ұлдар арасында І орынды иеленіп, турнир жеңімпазы атанды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жетекшісі: Е.Бошкулов  
9-11 сынып білім алушыларының арасында өткен  АК-74 автоматын толықемес бөлшектеп, жинақтау “Жас сарбаз” байқауы
23
қаңтар
2026
9-11 сынып білім алушыларының арасында өткен АК-74 автоматын
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 37 жыл толуына  орай 9-11 сынып білім алушыларының арасында өткен  АК-74 автоматын толықемес бөлшектеп, жинақтау “Жас сарбаз” байқауында ІІ орынды иеленген №5 Ақарал ЖОББМГ командасы.Жетекшісі: Е.Қазыбаев Ұлдар арасында Құрманғали Абдулазиз ІІІ орын жеңімпазы және қыздар арасында Темірхан Жанайым ІІ орын иеленді.Жетекшісі : Е.Қазыбаев