16
ақпан
2026
Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы аясында өткен «Асық ату» жарысы
Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы аясында өткен «Асық ату» жарысында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы оқушылары тамаша нәтиже көрсетті.
5–6 сынып оқушылары мен 9–11 сынып оқушыларынан құралған құрама командалар жоғары дайындық пен шеберліктің арқасында І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Бұл – оқушылардың ұлттық спортқа деген қызығушылығы мен табанды еңбегінің нәтижесі. Жеңімпаздарға алдағы облыстық жарыста сәттілік тілейміз!