09
ақпан
2026
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Есіңе мені алғайсың» атты сазды кеш аясында «Менімен егіз бе едің» өлеңінен мәнерлеп оқу байқауы
09.02.2026 ж Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Есіңе мені алғайсың» атты сазды кеш аясында «Менімен егіз бе едің» өлеңінен мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Аталған мәдени-танымдық шара №9 кәсіптік колледжінде ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіптік білім беруді насихаттау, білім алушылардың кәсіптік білімге деген қызығушылығын арттыру, жас ұрпақтың рухани-мәдени дүниетанымын кеңейту және поэзияға сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Аталған байқауда №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Ташкенбай Балауса жоғары деңгейде өнер көрсетіп, мәнерлеп оқудан II орынға ие болды.
Оқушыны дайындаған жетекші Увалиева Дина Аскаровна шығармашылық еңбегі үшін облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Шараға қатысу білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігін арттыруға оң ықпал етті.