01
наурыз
2024
"Шетел тілін оқытуда білім алушылардың сөйлеу қабілетін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы дамыту" тақырыбында айлық жоспары құрылып, "Welcome to the English world" ағылшын тілі пәні бірлестігінің ашылу салтанаты
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 01.03.2023ж "Шетел тілін оқытуда білім алушылардың сөйлеу қабілетін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы дамыту" тақырыбында айлық жоспары құрылып, "Welcome to the English world" ағылшын тілі пәні бірлестігінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі−жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова ашты. Іс−шара барысында 7а сынып білім алушысы Достан Нұрдаулет William Shakespeare "Hamlet" пьессасынан "To be or not to be" монологын оқыды, 6а сынып білім алушылары "Call me maybe" әнін айтты, 7а сынып білім алушылары "Cupid" әнін айтты, 5а сынып білім алушылары би биледі. Басқа да білім алушылар ағылшын тілінде өз білімдерін викториналық сұрақтар арқылы шыңдап, сыйлықтармен марапатталды. Әдістемелік бірлестік жетекшісі: А.Атамкулова