28
сәуір
2021
"Нашақорлықтың және мінез-құлық ауруларының алдын алу" айлығы аясында
№5 Ақарал ЖОББМГ-да 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында "Нашақорлықтың және мінез-құлық ауруларының алдын алу" айлығы аясында, жасөспірімдер арасында зиянды заттардың ағзаға кері әсері туралы білімдерін жетілдіру мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында 6-10 сынып білім алушылары арасында "Нашақорлыққа жол жоқ! " тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында білім алушылар зиянды заттардың шығу тарихы мен олардың адам ағзасына тигізетінін кері әсерлері мен зияндығын түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға байланысты өлеңдер, жаттаулар айтып, сахналық қойылымдар қойды.