20
қараша
2020
"Салауатты өмір - денсаулық кепілі" тақырыбындағы сынып сағаты
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында бастауыш сынып бірлестігінің айлығы аясында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылдың 20 - қараша күні 3"А" сынып білім алушыларымен "Салауатты өмір - денсаулық кепілі" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақ барысында Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы Елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын жол екенін ұғындырды. Сынып жетекшісі: А. Суанкулова.