7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай орындалған таңертеңгілік жаттығу
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылгы 2 сәуірдегі №21-1-9/1658 хатына сәйкес Дүниежүзілік денсаулық күні аясында " Денсаулық баршаға! " ұранымен дене белсенділігін арттыру, зиянды әдеттерден аулақ болып, тұрақты мінез- құлықты қалыптастыру мақсатында №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 5 сәуір күні сағат 10.00 -да 1-11сынып білім алушылары мен сынып жетекшілері бірге синхронды таңғы жаттығу орындады.
Мектеп директоры Н. Койшиманова салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, балалар денсаулығы мен саулығы отбасының, мемлекеттің және бүгінгі қоғамның басты қамқорлығы екенін айтты.
Бұл іс- шараға 289 білім алушы, 16 пән мұғалімдері мен сынып жетекшілер қатысты.