№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы 2019 жылы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай жүргізілген іс – шаралар туралы хабарлама
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 02.03.2019 жылғы «Барлық ақ жаулықты аналарға арналады» атты мерекелік іс-шаралар жоспары аясында мектепте 4 наурыз күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова мен сынып жетекшілердің бірлестіктері мерекелік іс-шаралардағы тәрбие сағаты, сурет байқауы, сыныптан тыс іс-шаралар мен концерттік бағдарламаны жоспарлап, мектеп директорымен бекітті. 2019 жылғы 4-7 наурыз аралығында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай төмендегідей іс – шаралар жүргізілді.
5 наурыз күні «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған», «Анама сыйлық», «Айналайын анашым», «Ақ жарқын –жан анашым» атты сынып сағаттарын 1– 11 сынып жетекшілері өткізді. «Тіршіліктің тірегі ана» тақырыбында 1 «а», 1 «ә», 1 «б» сынып оқушыларымен А. Суанкулова, И.Насипбекова, Т.Толғанбай сыныптан тыс іс-шараны жоғары дәрежеде жүргізді. «Ана-өмірдің шуағы» тақырыбында 7 «а» сынып оқушыларымен Г. Наушабаева сынып сағатын жүргізді. «Аналар асыл жандар» тақырыбында 10 «а» сынып оқушыларымен Ж.Алайдарова сынып сағатын жүргізсе, орыс тілі пәні мұғалімі Ж.Далибаева «Анама сыйлық» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында эссе жазды. Бұл іс - шараға 89 білім алушы, 9 пән мұғалімі, 24 сынып жетекші қатысты.
5 наурыз күні технология пәні мұғалімі А.Уалиева мен бейнелеу өнері пәні мұғалімі Ә. Барменқұловтың жетекшілігімен «Ардақтайық ананы», «Ауылым-алтын бесігім» атты айдармен 2-10 сыныптар арасында сурет байқауы және «Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана» тақырыбында плакаттар байқауы өткізілді.Бұл байқау қатысушыларына мектеп басшысы Н.Койшиманова шәкірттер санасына сәуле шашып, ұстаздар қауымына ақ лебізін, жылы тілегін білдірді. Осы сурет байқауына 24 білім алушы,19 сынып жетекші, 2 пән мұғалімі қатысты.
7 наурыз аралығында «Аяулы менің анашым», «Ана тіршілік тірегі» атты өзін – өзі тану пәнінің мұғалімдері Р.Молдобекова мен Д.Увалиева сынып сағаттарын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты: алғыс айту-адамның басты қасиеті, сондықтан да отбасында, мектепте, қоғамда алғыс айту білу-үлкен адамгершілік қасиет екенін ұғындыру болып табылады.
2019 жылдың 7 наурыз күні Ақарал ауылының мәдениет үйінде қатысушыларды толеранттылыққа, қоршаған ортаға деген құрметі мен жақындарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; тәрбиеленушілердің азаматтық, отансүйгіштік, Отанына деген махаббат сезімдерін қалыптастыру, қатысушылардың ойлау қызметі, прагматизм, ұлттық мәдениетті сақтауын, қарым –қатынас машықтарын дамыту мақсатында өткізілген «Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана» атты мерекелік концерттік бағдарламаға Ақарал ауылдық округінің әкімі О.Жантайбеков, ауыл тұрғындары, ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты апалар мен көп балалы аналар шақырылды.Сонымен қатар, ауыл тұрғындары, 2019-Жастар жылына байланысты өткізілген «Жаңарған Жамбылым» аудандық эстрадалық әншілер конкурсының жеңімпаздары Төреқұл Жақсылықбай мен №3 саз мектебінің мұғалімдері С.Ережепова, А.Мүслім қатысты. Мектеп білім алушылары концерттік бағдарлама барысында келген қонақтар құрметіне анаға арналған, лирикалық әндер мен көңілді билерді орындап, ұстаздарға, ардагерлер, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға жылы лебіздерін білдірді. Келген қонақтар құрметіне арнап, №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының «Гауһартас» би үйірмесінің қатысушылары «Шаттық» биі мен 9 сыныптың орындауындағы «Әйел-әлемнің шуағы» атты флешмобы, 4 «а» сынып білім алушысы Ашимхан Сымбат «Ақ құс» және 7 «а» сынып білім алушысы Секен Жанель «Алға, Қазақстан!» әндерінің орындалғаны еркеше көпшіліктің қөңілінен шықты. 1-11 сынып білім алушылары Е.Шарип, А.Ермекбай, Б.Мейірбек, Е.Секен, А.Үсен, Т.Азамат анаға, әжелеріне арнаулар мен өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, өздері қонақ болып келген Ақарал ауылымыздың тұрғындары, Төреқұл Жақсылықбай пен С.Ережепова «Туған жер», «Анама» әндерін нақышына келтіре отырып орындады.
Ақарал ауылдық округінің әкімі О. Жантайбеков ардақты ақсақалымыз Ж. Алдекенов концерт соңында мектеп ұжымына, ұстаздарға, ата – аналарына, құрбы – құрдастарына, ақ жаулықты аналарға, әжелерге деген жылы лебіздерін білдірді. Бұл іс-шараға 87 білім алушы, 19 ардагер ана, 138 ауыл тұрғындары қатысты.