01
наурыз
2019
1 –наурыз – Алғыс айту күніне орай бастауыш сынып мұғалімі А.И. Суанкулованың тәрбие сағаты
1 –наурыз – Алғыс айту күніне орай №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі А.И. Суанкулова 1 «А» сынып білім алушыларын адамгершілікке, толеранттылық, этнос аралық ауызбіршілікке тәрбиелеу мақсатында «Алғыста шек болмайды» тақырыбында сынып сағатын өтті. Сабақта «Жақсылық өзіңе қайтып келеді» атты бейнеролик көру барысында жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаған адам алғысқа, ризашылыққа бөленетінін ұғынды.
Бұл сынып сағатына 23 білім алушы 4 жас маман, 5 ата ана қатысты.