01
қараша
2019
«Әкем, анам және мен-салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты отбасылық сайысы
2019 жылдың 1 қарашасында №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу мақсатында «Әкем, анам және мен-салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты отбасылық сайыс өткізілді. Сайысқа 6 сыныптар арасынан 4 отбасы қатысты. Сайыс нәтижесінде Қайыпбаевтар отбасы І жүлделі орынға ие болса, ІІ орын Кемеловтар отбасы, ІІІ орынды Ибраимовтар мен Молдабековтар отбасылары өзара бөлісті.