10
қыркүйек
2025
"Саналы ата-ана" тақырыбында кездесу
2025 жылдың 10 қыркүйек күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Отбасы күніне» орай мектеп психологтарының ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған танымдық тәрбие мәселелеріндегі педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында "Саналы ата-ана" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылардың психологиялық саулығын сақтау жолдары, ата-ана мен бала арасындағы тиімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ жасөспірімдердің даму ерекшеліктері жайлы мазмұнды ақпараттар мен практикалық кеңестер берілді. Ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында психологиялық жаднамалар таратылды.
Мектеп психологы: С.Сабыралиева, М.Асхатова
