13
қараша
2024
Б.Халықовтың қатысуыменен «Жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында 7-11 сынып білім алушыларымен кездесу
2024 жылы қарашаның 13 күні білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық пен қылмыстың түрлерімен таныстыру мақсатында Меркі АПБ. ЖПҚ. ЮПТ-ның аға инспекторы, полиция майоры, мектеп инспекторы Е.Тупеков, учаскелік полиция қызметкері Б.Халықовтың қатысуыменен «Жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында 7-11 сынып білім алушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылар арасында кездесетін құқықбұзушылық пен қылмыс түрлері және қылмыстық жауапкершілік туралы, ұрлық, кибербуллинг, алаяқтық, буллинг, қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің түбі заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы айтылды. Ең бастысы, балалар тарапынан жасалатын болмашы құқықбұшылықтың қылмысқа әкеліп соғып, адамның бүкіл өміріне кері әсерін тигізетіндігі жайлы егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық Кодексінің 442 бабы бойынша түсіндіріліп, үй-жайдан тыс жерде түнгі мезгілде жасы кәмелетке толмаған оқушылардың заңды өкілсіз жүруге болмайтыны да қатаң ескертілді.