15
қаңтар
2024
"Алаяқтық фактілерінің алдын алу" тақырыбында кездесу
№5 Акарал жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 оқу жылының қаңтар айының 15 күні Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ-нің аға инспекторы полиция майоры мектеп инспекторы Е.Тупеков, Меркі АПБ бастығының орынбасары, полиция майоры М.Қуанышбековтың қатысуымен мектеп ұстаздары арасында "Алаяқтық фактілерінің алдын алу" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында ұстаздар қауымына, әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жолмен ақша жымқыру фактілерінің жиілеп кеткендігі, алаяқтардан сақтану жолдары мен қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.